Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ұйқыда бастырылып қалудың себебі осы екен
12 маусым, 2017 жыл 4940 Басып шығару нұсқасы

Кейде адам ұйқы мен ояу арасында бастырылып, қимылдауға шамасы келмей, бейне бір күш тырп еткізбей байлап тастағандай күй кешеді. Мұны қазақ тілінде «қара басу» десе, түрік тілінде «karabasan», арап тілінде «кабус  (كابوس)» немесе «жәсум (جَاثُومٌ)» деп атайды[1].  

Қара басу жайында нақты шариғи мәлімет кездестірмедік. Кейбір болжамдарға қарасақ, қара басуды – жын басу деп түсіндірген. Әсіресе, денесінде электрмагниті көп кездесетін кісілерде жиі болатын құбылыс.  Өйткені жын көбіне электрмагниті көп адамдарға жақын жүреді деседі.   

Ал медицина мұны «ұйқы кезіндегі сал» деп атайды. Адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесі әлі ұйқы кезеңінде. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді[2].  

Қандай болғанда да, бұл құбылыстан сізге келер ешбір зиян жоқ. Тек жатар алдында дәретпен жатуды әдетке айналдырыңыз. Сосын ұйқыға кетпес бұрын аятул курсиді және фалақ пен нас сүрелерін оқуды ұмытпаңыз. Алдымен оң жағыңызбен жатыңыз.

[1] http://www.almaany.com/كابوس
[2] http://szh.kz/

Абдусамат Қасым

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары