Бір күні пайғамбарымыз с.а.с. сахабаларымен[5] бірге отырған уақытта, оған с.а.с. Язидтің қызы Асма келіп былай деді: «Сен мен үшін әкемсің анамсың, мен саған әйелдердің атынан сөйлеп келдім әрі сен үшін жанымды пида етуге дайынмын. Шығыстан Батысқа дейінгі барлық әйел менің пікіріммен келіседі. Сен әр бір ер және әйелге Алла тарапынан жіберілген, ақиқат жолды көрсетуші елшісің. Біз саған әрі сені жіберген Раббыңа иман келтірдік. Мен көптеген үйінде отырған әйелдердің бірімін. Айтқандарыңызды орындаймыз, қарынымызда балаларыңызды көтеріп жүреміз. Ал сіздер еркектер бізге қарағанда жоғарысыңдар, жұма намазына барасыңдар, намазды жамағатпен оқисыңдар. Жылда қажылық сапарын жасайсыңдар. Алла жолында шайқасасыңдар. Ал біз, сіздер қажылыққа немесе жорыққа кеткендеріңізде өзіміздің әрі сіздердің дүниелеріңізді қорғаймыз. Жыртық жамап отырамыз. Не себепті бізде Алланың игі істеріне қатыса алмаймыз». Сонда пайғамбар с.а.с. сахабаларына бұрылып қарап: «дін істеріне байланысты әйел кісіден мынадай тамаша сұрақты естіп көрдіңдер ме?»,-деп сұрады. Кейін Асмаға қарап былай жауап берді: «әйелдерге мына сөздерімді жеткіз: сендердің ең жақсыларың, күйеуінен бір нәрсе сұраған уақытта, ол онымен қанағаттанатын, күйеуінің айтқандарын орындап, пікірлерімен келісетін әйел. Осыны іске асырушы күйеуінің бұйрығын орындап, пікірлерімен келіскен болып есептеледі. Осы істерді орындау, күйеуінің Алла жолында атқарған істері әрі әйелі қатыса алмаған істері үшін де алған сыйлығымен тең болады». Мына сөздерді естіген әйел бұрылып, «Лә иләһә иллАлла, Аллау акбар» деп айтып, кері қайтты».
Пікірлер