Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннаттық әйелді көргің келе ме?
18 наурыз, 2019 жыл 394 Басып шығару нұсқасы

Табиғин ғалымдарынан Ата бин Әби Рабах былай дейді:

Бір күні Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) маған:

  • Саған жәннаттық бір әйел көрсетейін бе? – деді. Мен де:
  • Иә, көрсетіңіз, - дедім. Сол кезде маған қара нәсілді бір әйелді көрсетіп:
  • Анау тұрған қара әйел бар ғой, сол бір күні Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, «Уа, Алланың Елшісі, мен есімнен танып қала беремін. Сол кезде үсті-басым ашылып қалады. Бұл ауруымнан құтылу үшін Аллаһ Тағалаға дұға етсеңіз» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған былай деді: «Егер ауруыма сабыр етемін десең, саған Жәннат бар. Жоқ, «тек дұға ет» десең, саған шипа беруі үшін Аллаһ Тағалаға дұға етемін», - деді.

Бұл ұсынысқа әйел:

  • Олай болса, мен ауруыма сабыр етейін. Тек есімнен танған кезде үсті-басымның ашылып қалмауы үшін дұға етіңіз, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) да оған дұға етті (Бұхари: «Мәрда» 6, «Бирр» 54. Ахмад бин Ханбал: «Мүснәд», І, 346-347).

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары