Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнә туралы не білесің?
12 қыркүйек, 2022 жыл 6401 Басып шығару нұсқасы

Көптеген жастар күнә іс дегеннің не екенін біле бермейді. Діннен алыстау келетіндері, күнәлі іс деп кісі өлтіру, ұрлау, шошқа малын жеу секілді бірлі жарымды әрекеттерді айтады. Сол себепті, нақты қандай істер күнә болатыны туралы қысқаша тоқталсақ:

Ең ауыр күнәлар:

Күпірлік.

Екіжүзділік.

Аллаға серік қосу.

Діннен бойын алыс ұстау.

Өзін-өзі өлтіру.

Дененің күнәлары:

Денені инемен тесіп бейнелеу.

Ердің әйел кейпіне, әйелдің еркек кейпіне енуі.

Дене мүшесін өзгерту.

Ер адамның жібек матаны және алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды тағуы.

Исламда адамның 7 мүшесі күнә істейді екен. Олар: көз, құлақ, тіл, қолдар, аяқтар, қарын және жыныс мүшелер.

Көздің күнәсі:

Нәпсіқұмар көз.

Әурет жерлерге қарау.  Әйелдер үшін бет жүзі мен қолдың саусақ бөлігінен басқа жерлері әурет болып саналады, ал, еркектердің әурет жерлері кіндік пен тізе арасы.

Адамға жеккөрінішпен қарау.

Өзгенің мүлкіне ұрланып, қызғанышпен, іштарлықпен қарау.

Құлақтың күнәлары:

Тыңдауға қажеті емес боп саналатын әңгімені тыңдау.

Тыйым салынған әуендер мен дыбыстарды тыңдау.

Өсек, ғайбат сол секілді және т.б. тыңдау.

Тілдің күнәсі:

Қарғыс.

Жалған сөз.

Қатты дауыстап жылау, айқайлау және марқұмды жоқтау.

Жалған куәлік ету және өтірік ант беру.

Табалаушылық.

Келемеждеу, масқаралау.

Жазғыру, сөгіс айту.

Өсек, ғайбат сөз айту.

Қолдың күнәсі:

Мөлшерден кем өлшеу. Салмақтан ұрлық жасау, яғни нақты мөлшерін немесе көлемін жасыру.

Ұрлық, қарақшылық.

Кісі өлтіру.

Біреуге соққы жасау, мүгедек қылу, малды ұрып-соғу.

Парақорлық.

Құмар ойындарын ойнау.

Құмарлықпен қарама-қарсы жыныс өкілінің бетінен сипау, жақындасу.

Жаны жоқ мүсін салу, тас құдайларын салу.

Айтуға тыйым салынған сөздерді жазу.

Аяқтың күнәсі:

Жолдасының рұқсатынсыз сапарға шығу.

Құлшылық етушінің алдын кесіп өту.

Әйелдің, құлдың, қарызгердің және т.б. қашып кетуі.

Тәкәппарланып немесе даңғойланып жүру.

Қарынның күнәсі:

Харам жолмен, яғни ұрлықпен, өсімқорлықпен табылған заттан істелген тағамды жеу.

Естен тандыратын немесе уақытша дене рахатын сездіретін спирттік ішімдіктермен басқа да нәрселерді пайдалану.

Шарият бойынша тыйым салынған жануарлардың (шошқа, өлік малдың еті, жыртқыш аң еті, құс еті, Алланың есімі айтылмай сойылған мал еті) етін жеу.

Жыныс мүшелерінің күнәлары:

Некесіз бірге болған жанның әрбір әрекеті (екі жастың бір-біріне нәпсіқұмарлана қарауы, төсектес болуы) күнаға апарады.

Некесіз қосылу.

Жоғарыда көрсетілген тізімге сүйенген жанның бойы күнәдан таза болары хақ. Әрбір істелген амал өмірдің заңдылықтарына сүйенуі шарт. Ал, біздің өмір Алланы тану! Алдағы күндері сауабы мол істер жайлы мол ақпараттар жазатын боламыз.

 

Нұров Махмуд қажы Нұрұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары