Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мысықты ас үйге кіргізуден абай бол!
22 маусым, 2017 жыл 356 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың сахабасы Әнас бин Малик (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадинаның маңайындағы Бутхан деген елдімекенге барады. Дәрет алмақ болып: «Әй, Әнас! Су құй», – деді. Мен дәрет су құйдым. Бір мысық ыдыстағы суды жалады. Сон уақытта пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әнас! Мысық – үй жануары, ол ешбір нәрсені лас етпейді және ешбір нәрсені нәжіс етпейді»[1],– деді».

Әбу Қатада (р.а.) баласының үйіне келеді. Келіні Кабшат Кағбқызы қайын атасына дәрет су әзірлеп береді. Ол дәрет алмақ болып отырғанда, мысық су ішкісі келіп жанына барды, Әбу Қатада мысық су ішсін деп ыдысының шетін қисайтты. Келінінің таңданып тұрғанын көріп: «Алла елшісі «Расында мысық нәжіс емес, сендердің үйлеріңде жүретін жануар»[2], – деп айтқан екен. Фиқһ кітаптарында[3] үй мысығының сілекейі нәжіс емес, бірақ танзил макрук болып табылады», – деп айтады.

Қорыта айтқанда, мысық үйдің жиһазын, кілем мен жайнамазды нәжіс етпейді. Намазды бұзбайды. Бірақ, ас үйден аулақ ұстаған жөн. Сұйық тамаққа тисе, төгіп тастаған жөн. Ал, қою тамаққа тисе, бетін алып тастап пайдалануға болады. Өйткені, мысық ауру тасымалдаушы болуы да ықтимал.

[1] Насб Роя
[2] Тирмизи, Әбу Дәуід
[3] Әл-Лубәб, Тәсһил әд-Дарури

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары