Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Осы себепті қыздарды тірідей көмген
23 маусым, 2017 жыл 817 Басып шығару нұсқасы

Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі

адамдардың, атап айтқанда арабтардың өмір сүрген жәһілет

дәуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі

тоқтаған және тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ

Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен

кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб

еместерін де жақтырмады. Сол уақытта әйел адам әсіресе

араб елдерінде көбінше өте қиын кезеңде өмір сүрген еді.

Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын,

олардың кейбіреулері оны топырақ астында өлсін деп тірідей

жерге көметін болған. Кейбіреулері оны Құранда

айтылғанындай қорлық-зомбылық пен қиыншылық өміріне

тастап қоятын еді. Аллаһ Тағала айтады:«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе,(әйелінің қыз тапқанын естісе) оны ашубасып, беті қап-қара бола бастайды.Өзіне келген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап

ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе?-дейді.

Олар нендей жаман үкім береді»[1]

 

«Тірідей көмілген қыздың қандай күнәсі үшін өлтірілгендігн сұраған кезде »[2]

 

Егер жаңадан туылған қыз тірідей топырақ астына

көмілуден аман қалса, ол қор болып өмір сүретін еді.

Оған өзінің бір туысы өлсе, егер сол туысының малы

Қандай көп болса да, және ол қыз пақырлық пен

мұқтаждықтан қандай қиналып жүрсе де, оған

туысының малынан ешқандай мирас берілмейтін.

Өйткені олар мирасты тек еркектерге беретін. Ал әйел, егер оның ері өлсе оны ерінің туыстары малды мирасқа бөліп алғандай бөліп алатын еді. Бір еркектің қол астында көптеген әйел өмір сүретін болған, өйткені еркектер әйелдердің сол себепті таршылық пен зұлымдықты тартып жатқандарына

қарамастансан шектемей әйелдерге үйлене беретін

еді.

Ислам келіп әйелді бұл зұлымдықтан құтқарды

және оған адамзат есебіндегі құнын қайтарып берді. Аллаһ Құранда былай дейді: «Әй адамдар! Шындығында біз сендерді бір [3]

еркек және бір әйелден жараттық»

Аллаһ Тағала әйелдің адамзаттың бастапқы

жаратылуында еркектің серігі екендігін айтты, сол сияқты әйел еркекке амалдағы сауап пен жазада серік екенін баяндады:«Ер немесе әйелден кім иман келтірген бойда ізгі амал істесе, әлбетте оған жақсы өмір сүргіземіз, әрі олардың сауаптарын істегендерінен жақсырақ қылып береміз» [4]

«Аллаһ мұнафық еркектер мен мұнафық

әйелдерді, мүшрік еркектер мен мүшрік әйелдерді азаптауы үшін» [4]

 

Аллаһ Тағала әйелді өлген ерінің мирасына

жатқызуды арам етіп былай деді: «Ей момындар, сендерге

әйелдерді мәжбүрлеп мирас етіп алуларың дұрыс емес»[6]

Сөйтіп Аллаһ Тағала әйелге жеке бас бостандығын

беріп, оны мирасқа берілетін емес, керісінше мирасқа ие

болатын және өз туысқанының малынан мирас алуға ақылы

қылды. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейді:«Еркектерге ата-

аналары мен жақын туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Әйелдер үшін де ата-аналары және жақын-туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Бұл үлестер аз-

көптігіне қарамастан, парыз етілген ақылардан»[7]

«Аллаһ перзенттеріңе тиісті мирас турасында бір ұл үшін екі қыз үлесі, не барабар мирас беруді әмір етеді.

Егер, мирас алушылар екіден артық қыз болса, оларға ата-аналары қалдырған нәрсенің үштен екісі, егер жалғыз қыз болса, оған мирастың жартысы тиеді»[8]

 [1]Нахл. 58-59

[2]Текуир. 8-9

[3]Құжырат. 13

[4]Нахл. 97

[5]Ахзаб.73

[6]Ниса. 19

[7]Ниса. 7

[8]Ниса. 11

Ан-Нахл сүрес, 97 аят: "Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз". • Ниса сүресі (әйелдер), 1 аят: "Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы". • Ан-Нахл сүрес, 97 аят: "Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз". • Ниса сүресі (әйелдер), 32 аят: "Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шәксіз Алла әр нәрсені толық білуші". • Ниса сүресі (әйелдер), 33 аят: "Әке-шеше және жақындарыңның қалдырған нәрселерінің әрқайсысына мұрагер қылдық. Сондай-ақ сендермен серт байлағандарға да сыбағасын беріңдер. Алла (Т.) әр нәрсені бақылаушы". • Ниса сүресі (әйелдер), 34 аят: "Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі". • Ниса сүресі (әйелдер), 35 аят: "Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Алла толық білуші, анық хабар алушы". • Ниса сүресі (әйелдер), 36 аят: "Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді". http://kuran.kz/ сайтыннан Оқылды 4245 рет Сұхбат Балғабек МЫРЗАЕВ: Уақып – әлеуметті теңестіруші көпір Балғабек МЫРЗАЕВ: Уақып – әлеуметті теңестіруші көпір Әбдіжәлел БӘКІР: Отбасылық бақытқа ешқандай бақыт жетпек емес Әбдіжәлел БӘКІР: Отбасылық бақытқа ешқандай бақыт жетпек емес Берік АРЫН: Қоғамда радикалдық діни идеяларға қарсы көзқарас күшейді Берік АРЫН: Қоғамда радикалдық діни идеяларға қарсы көзқарас күшейді Ең көп оқылғандар Қадыр кеші – тағдыр шешілетін түн Сақалдыға сеніп көзінен айрылды Неге ең алғашқы аят «оқы» деп түскен? Жүзіктегі жазу Ораза неге бұзылды? Рамазан – ізгілік атаулының тұма-бастауы Республикалық ауызашарға 10 мың адам қатысты (ВИДЕО) Намаз уақыты Жұма, 09 Маусым 2017 N76 Мұрағат © 2017 Kazislam. Барлық құқықтары сақталған.Байланыс ZERO.KZ
Толығырақ: http://kazislam.kz/islam-zhane-qagam/ishki-kategoriyalar/islam-zhane-otbasy/islam-zhane-aiel/item/498-eislam
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары