Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешіккен намаз
21 ақпан, 2014 жыл 391 Басып шығару нұсқасы

Кешіккен намазБiр кiсi өмiр бойы намазын оқып, оразасын ұстап, Алла Тағалаға құлшылық етуiн үзбептi. Тек бiр кемшiлiгi - намазын үнемi кешiктiрiп, уақыты бiтуге таянғанда ғана оқиды екен. Күндердiң бiр күнiнде ажал жетiп, әлгi кiсi өмiрден озыпты. О дүниеге барғанда есеп дәптерi бойынша жауап алынып болған соң, ол тозаққа лайық деп танылыпты. «Қалайша? - деп таң қалыпты мұсылман, - менiң өмiр бойғы жасаған құлшылығым, бiр Аллаһқа деген сүйiспеншiлiгiм мен қорқынышым, маңдайым сәждеде жатып, тозақтан құтылуды тiлегенiм - бәрi босқа кеткенi ме? Маған ақыреттiң жақсылығы шынымен-ақ бұйырмағаны ма?»Ол есiн жиып үлгiрмей жатып-ақ екi перiште екi жағынан сүйрелеп, тозаққа ала жөнелiптi.Бойын қорқыныш пен үрей билеген, аяқ-қолы дiрiлдеп, аузы икемге келуден қалған байғұс тек iштей: «Намазым, намазым» деп күбiрлей берiптi. Бет қаратпас қып-қызыл жалынның ыстығы ендi денесiне тие бергенде алдынан ақ сақалды, ақ киiмдi адам шыға келiп, отқа лақтырылған бейшараны қағып алып, керi ұша жөнелiптi. «Сен кiмсiң?» - деп сұрайды бұл. «Мен - сенiң намазыңмын», - дептi ол. «Осы кезге дейiн кешiгiп қайда жүрсiң?» «Есiңде ме, сен де менi ең ақырғы сәтте, намаз уақыты бiтерде оқушы едiң ғой. Үнемi кешiктiретiнсiң, менiң кеш қалған себебiм осы. Ендi қорықпай-ақ қой, мен Аллаһтың қалауымен сенi тозақ отынан құтқарамын», - дептi ақ киiмдi адам. Сөйтiп, намазының арқасында әлгi кiсi жәннатқа лайық болыпты.


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары