Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағаланы еске алудың артықшылығы
26 ақпан, 2014 жыл 167 Басып шығару нұсқасы

Алла тағалағаны еске алудың артықшылығыПайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) күніне 500 мәрте салауат айтса, ол адамдардың біріне мұқтаж болмайды» деген.
Құран Кәрімде Алла тағала былай дейді: «Мені құлшылықпен еске алыңдар, Мен де сендерді кешірумен және сауаппен еске аламын. Мені тәубеменен еске алыңдар, Мен де сендерді кешіріммен және қабыл қылумен еске аламын, Мені тілек тілеумен еске алыңдар, Мен де сендерді тілектеріңді қабыл қылумен еске аламын, Мені дүниеде еске алыңдар, Мен де сендерді қабірде еске аламын, Мені қайырымдылық қылумен еске алыңдар, Мен де сендерді мейіріммен еске аламын». Осы аяттан Алла Тағаланың пендесіне деген кеңшілігін көріп тұрмыз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен (с.ғ.с.) миғражға көтерілгенімде бір теңізді байқадым, ол теңіздің өлшемін бір Алладан басқа ешкім білмейді, сол теңіздің жағасынан құстың суретіндегі 70-мың қанаты бар періштені көрдім. Егер бір құл «Субханаллаһи» деп айтса, әлгі періште орнынан қозғалады, осы сөзді жалғастырып, «Әлхамду лилләһи» десе, онда ол періште қанаттарын жаяды, ал енді «Лә иләһә иллалла» дегенде құс болып ұшады, осыдан кейін «Аллаһу Әкбәр» десе жоғарыда айтылған теңізге қонады. Егер құл «Лә хаулә уа лә қууәтә иллә билләһил-алииіл-азыим» деп айтса, періште қанаттарын жаяды, сол кезде Алла Тағала періштенің 70-мың қанатынан тамған әрбір тамшыдан періштелер жаратады, сол періштелер Алла Тағалаға мадақ-мақтау айтады және Алла Тағаладан жоғарыда келтірілген зікірді айтқан адамның күнәсінің кешірілуін қиямет күніне дейін сұрап тұрады» деді.
Қадірменді мұсылман қауым! Демек, әрбір намаздың соңында яғни, аятүлкүрсінің алдында осы тәспихты айтуымызда үлкен сауап бар олай болса, сауапты істермен амал қылайық. Алла Тағала қадамдарымызды сауаптан қылсын.


Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары