Хабар бойынша,
Абу Шурейха аль-Хазаъи, оған Аллаһтың ризашылығы
болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:
Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда өзінің көршісіне жақсылық жасасын. Кім де кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кім Аллаһқа және Ахірет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін.
Осы күйінде бұл хадисті Муслим келтіреді, ал аль-Бухари болса жартылай келтіреді.
Хабар бойынша, Аиша, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді:
Бірде мен: «Иә Аллаһтың елшісі, менің екі көршім бар, олардың қайсысына сый беруім керек?1 » – дедім. Ол: «Қайсысының есігі саған жақын болса, соған» – деді.
Аль-Бухари.
Пікірлер