Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл дәрмекті өлімнен басқаның бәріне шипа депті
07 шілде, 2017 жыл 4929 Басып шығару нұсқасы

Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен Қара зере – ерекше емдік қасиетімен назар аудартады.

Ол қандай өсімдік?

Қара зере латын тілінде «Nigella sativa» деп аталады. Арабша «хаббатус-сәуда», ал орысша атауы – «черный тмин». Табиғатта 20-ға жуық түрі кездесетін бұл өсімдіктің бойы 40 см-ге дейін жетеді.

Тарихы

Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) ерекше мақтаған бұл өсімдіктің емдік күшін көптеген мұсылман ғалымдарымен қатар кезінде Ибн Сина мен әл– Бируни де мойындап, өз еңбектерінде атап өткен.

Хадистерде не айтылған?

Хадистердің бірінде қара зеренің тұнып тұрған ем екендігі былай білдірілген: «Қара зерені емге пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» (Бұхари, Тыбб,7; Муслим, Сәлам, 88).

Қандай ауруларға ем?

Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынадай ауруларға ем екендігі білінген:

Қандағы холестеринді азайтады;

Ағзаны улы заттардан тазартады;

Иммунитет жүйесін күшейтеді;

Инсултқа қарсы тұрады;

Артрит пен бауыр ауруынан айықтырады;

Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;

Құрамындағы эфир майлары арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;

Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;

шектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;

Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма,бөртпе т.б.);

Өт пен бүйректе жиналған ұсақ тастарды уатады;

Несеп жолдарын тазалайды;

Ішті жүргізеді;

Ішек құрттарын жоюға көмектеседі;

Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;

Сүйелді кетіреді;

Жөтел мен сарыауруға таптырмайды;

Белсіздікке ем;

Семіздіктен арылуға көмектеседі;

Тәбетті арттырады;

Асқазанның ойық жарасын жазады,

Етеккір циклын қалыпқа келтіреді т.б.

Қара зере майы

Қара зеренің негізінен дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаынң иммунитетін арттыруға, асқорту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады. Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар.

Қара зере шайы

Бүгінгі күні қара зеренің дәндерінен қайнатылған арнайы шай да жасалады. Мұндай шай көбіне іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға ем.

Ғылыми зерттеулер

1960 жылы профессор Дахақна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген.

1992 жылы Дакка университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталды.

1991 жылы үнді онкология институтының ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерінде қара зеренің қатерлі ісікке қарсы да емдік қасиеті барын анықтады, т.б.

Құдайберді Бағашар

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары