Қарағанды 23:00 Құптан
  • 03:27 Таң
  • 05:26 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:38 Екінті
  • 21:02 Шам
  • 23:00 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Үйден шығарда сен ұмытып жүрген өте маңызды нәрсе

Бүгінгі таң айқай-шудан басталды. Ашуға булыққан күйеуі ас бөлмедегі әйелін сөге бастады. Әкелерінің ашулы дауысын естіген екі кішкентай үрейленіп, көздері жәутеңдеп есіктін артына тығылды. Айқай үдей түсті:

–        Саған айтпадым ба? Бүгін менің семинар өткізетін күнім. Ашудан көздері қанталап: - Көк көйлегімді үтікте демедім бе? Неге қоңыр көйлегімді білгішсініп үтіктеп жүрсің?
–        Болмашы нәрсеге айқай-шу шығарғаныңыз не? Сәл күте тұрсаңыз көк көйлегіңізді де үтікпеп берем ғой.
–        Ей, сен қатын маған ақыл айтып тұрсың ба? деп, апыл-ғұпыл заттарын жинап, есікті тарс жауып шығып кетті.
Екі баланың көздері жасаурап:
–        Анашым, әкеміз сізге неге ұрыса береді? Әлде бізді жақсы көрмейді ме? –деді.
–        Балам-ау, бұл не дегенің? Әкелерің біз үшін күндіз-түні дамыл таппай жұмыс жасайды. Ұрысса жақсы болсын деп ұрысады. Жүріңдер, таңғы асты бірге дайындайық – деп анасы балаларының  көңілін басқа нәрсеге алдандыруға тырысып бақты.
      Әне-міне дегенше таңғы ас та дайын болды. Кенет радиодан  беріліп жатқан әуезді ән тоқтап, қала көшелерінің бірінде орын алған көлік апаты жайлы хабарлады. Көлік апаты жұбайының күнделікті жұмысқа өтетін көшелердің бірінде болыпты. Бойын бірден үрей биледі. Қалтыраған қолдарымен ерінің телефон номерін терген еді, өшірулі екен. Ойы сан-саққа жүгіріп: «Тек ол емес! Маған ашуланып, жол апатына ұшыраса ше? Жоқ, мүмкін емес!» – дейді өз-өзіне. Оны мазалаған: «Егер расымен қаза тапса балаларының ойында әкелері ашушаң жаман адам ретінде сақталып қалмақ па?» – деген ой болды. Егілген бойда есікке қарай ұмтылғаны сол екен, кіргелі тұрған ерін көрді. Көз жасына ерік берген бойда ерінің мойнына асыла кетті. Әйелін құшақтап:
–        Жаңалықтарды естідің бе? – деп сұрады. Әйелі жауап беруге шамасы келмей, көргендігін ишаратпен жеткізді.
–        Көлік апаты менің дәл жанымда орын алды. Сол кезде жиналыстан да маңызды нәрсені ұмытқанымды түсіндім. Егер мен қаза тапқанымда... (Күбірлеген дауысты естіген кішкентайлар есіктің аузына жүгіріп келді). Алайда әкелерін көргенде әлі ашулы болар деген үреймен аналарының артына тығыла кетті. Әкесі балапандарын шақырып, құшағына қысып, мауқы басылғанша сүйе берді, сүйе берді.
      Сөзін жалғастырып:
–        Мен бүгін үлкен қателік жасадым. Таңертең үйден шығарда сендерді қаншалықты жақсы көретінімді айтуды ұмытып кетіппін. Мұндай маңызды сөзді ұмытуға бола ма? Жарты жолдан үйге қайтқан себебім осы. Мен сендерді жанымнан артық жақсы көремін. Анасы, бізге таңғы ас бересің бе?

       Кімнің қашан ажал құрығына ілінерін бір Алла ғана біледі. Қандайда бір кісімен қоштасарда, ертеңгі күні сізді сағынышпен еске алардай жылы шырайыңызды аямаңыз. Кеш болған соң өкінгеннен пайда жоқ!

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    25 шілде 2017 жыл Ұлының басынан сипама
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика