Қарағанды 12:59 Бесін
  • 06:58 Таң
  • 08:28 Күн
  • 12:59 Бесін
  • 15:33 Екінті
  • 17:19 Шам
  • 18:50 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Исламда әйелдің орны-1

Сұрақ: Қазіргі таңда “Өмір – бәріне ортақ, еркек те әйел де тең” деген сияқты сөздер айтылып әйелдерге зұлымдық жасалуда. Ең ауыр, ең төмен жұмыстарда да әйелдер жүреді. Ислам дінінде әйел адам үй ішінде және сыртында жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр ма? Дініміздегі  әйелдердің құқылары қандай, сол жайында мәлімет бересіз бе?

Жауап: Ислам діні келместен бұрын әйелдердің ешқандай қадірі жоқ еді. Араптар қыз балаларын тірілей көметін, Қағбаның айналасында да әйелдер жалаңаш жүре беретін еді. Ислам діні келгеннен бастап бұл жаман әдеттер жойылды.

Қазіргі заманда да әлемнің көптеген жерлерінде әйелдерге қорлық көрсетілуде. Кеше ғана өткен кеңестік дәуірде әйелдерге зұлымдық етілді, күштеп колхоз, совхоздарда  еркектер сияқты ең ауыр жұмыстарда, еркек басшылардың қысымының астында арзымаған ақшаға күштеп жұмыс істетілді. Бірақ зұлымдықтың арты ұзаққа созылмады. Белгілі соңына жетті.

Еркін әлем делінетін христиан өлкелерінде және Ислам өлкелері делінетін арап елдерінде де әйелдер завод-фабрикаларда, сауда-саттықта еркектер сияқты жұмысыа жұмылдырылуда. Көбінің үйленгендеріне өкініп жүргендері, сот мекемелері ажырасу дауларымен толып жатқандығы көрінуде.

Бір жазушы әйел былай дейді:

«Көрмелерге барған сайын сандарын жалтыратып, соңғы модел машинаның үстіне отырған қысқа етекті юбка киген тірі маникендерді көргенімде ішім ашиды, жаным сыздайды. Сондай-ақ оларға таң қаламын. Азды көпті өзін қадірлейтін бұл әйелдер ол жерде тұрып әлгі машиналардың аксессуары секілді өзінің саудаға салынуына қалай төзе алады. Әйел затын мұншалықты төмендететін осындай әйелдерге де, және оларды сонда отырғызып, алушыны алдап тауарын сатуға тырысатындарға да қарсы ішім ызамен қайнайды.»

Әйелдер ислам дінінің өздеріне берген қадірін, жеңілдігін, еркіндігін білсе, бүкіл дүние жүзінің әйелдері бірден мұсылман болар еді.

Мұсылмандықта әйел сұлтан. Дініміз әйелге көп қадір берген. Ал еркекке көп жауапкершілік жүктеген. Исламда әйел үй ішінде және сыртында жұмыс істеуге, ақша табуға мәжбүр емес. Тұрмыста болса күйеуі, тұрмысқа шықпаған болса әкесі, әкесі жоқ болса, ең жақын еркек туысы еңбек етіп оның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мәжбүр. Жақын туысы жоқ болса немесе кедей болса, “Бәйтул мал”, яғни мемлекет қазынасы әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті.

Исламда күнкөріс жүгі еркекпен әйел арасында бөлісілген емес. Ешбір еркек әйелін бақшада, фабрикада немесе қандай да бір жұмыс орнында еңбек етуге мәжбүрлей алмайды. Егер әйел өзі қаласа және күйеуіде разы болса әйел өзіне ыңғайлы болған жұмыста істей алады. Бірақ тапқан табысының бәрі өзінікі болады.

Мұсылман әйелі сауда-саттық, ғылым, өнеркәсіп, егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануына, ақша табуына тыйым салынған емес, харам да емес. Бірақ бұлармен шұғылданғанда және ілім үйренгенде еркектер арасына кірмеулері, оларға ашық күйде көрінбеуі, харамнан ұзақ болуы керек. Әйелдің жасаған күнәларының жазасын оған сол күнәні жасауға рұқсат берген еркек де тартады. Ал еркектің жасаған күнәсінің әйелге зияны жоқ.

Мұсылман әйелдің үй істерін жасауы оның ихсаны (жақсылығы) өте сауапты болады. Жасамаса күнә емес. Ешкім мәжбүрлеп жасата алмайды. Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-нің дәуірінен осы күнге дейін мұсылман әйелдер бұл ихсанын жасап келген.

Әрбір әйел бір еркектің қызы, не әпке-қарындасы немесе әйелі не болмаса анасы. Әйелдерге жаман, әбес нәрселерді лайық көрмеу керек. Оларды лайықты түрде қадір тұту керек. (Р. Насихин)

Хадис шәрифте былай делінген:

«Мүмин жаман мінезді деп әйеліне ашуланбасын! Жақсы мінезі де болады.» (Мүслим)

«Әйел әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибн Лал)

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Алла Тағала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам.  Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)

«Әйелдерді тек текті және абыройлы адам ғана қадір тұтады. Оларды тек жаман және төмен адамдар ғана қор көреді.» (И. Асакир)

 

Дереккөз: islamdini.kz

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    22 қараша 2017 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика