Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әйелдің күйеуі алдындағы міндеттері
03 сәуір, 2018 жыл 2442 Басып шығару нұсқасы

«Ер адамдар әйелдеріне басшы (яғни, әйелді бағып-қағу, қорғау және тәрбиелеу – ер адамның міндеті). Өйткені Алла тағала (күш-қуат тұрғысынан) оларды бір-бірінен (ер адамды әйел затынан) үстем қылды әрі ер адамдар (отбасының) нәпақасын табушы. Ал, салиқалы әйелдер Аллаға және ерлеріне басы бүтін бойсұнады. (Ерлері жоқ кезде) Алла олардың құқығын қалай қорғаса, олар да ерлерінің хақысын қорғап, абыройларын әрі ерлері тапқан дүние мүлікті сақтайды һәм араларындағы сырға берік болады» («Нисә» сүресі, 34-аят).

       Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлықтарың қоластыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар», - деп айтты» - делінген.

       Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Егер біреудің біреуге сәжде етуін бұйырар болсам, әйелдің еріне сәжде етуін бұйырар едім», - деп айтты» - делінген.

       Муғаз ибн Жәбәлдан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер осы дүниеде әйелі күйеуіне орынсыз зәбір көрсетіп, мазасын алса, жәннатта күйеуінің жұбайы болатын қор қыздарының бірі: «Алла жазаңды берсін! Оны қинама! Ол жақында сенімен қош айтысып, бізбен қауышатын жаныңда уақытша ғана жүрген қонағың ғой», - деп айтады» - делінген.

       Усама ибн Зәйдтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өзімнен кейін ер адамдар үшін әйел затынан да зиянды сынақ (арбап, азғырушы) қалдырмадым», - деп айтты» - делінген.

mazhab.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары