Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақтық демің қалғанша арыңды ойла!
20 наурыз, 2014 жыл 181 Басып шығару нұсқасы

Ақтық демің қалғанша арыңды ойла!Бірде жас жігіт шейхқа келіп: «Мен әлі жаспын, сол себепті қыздарға қарамау деген мен үшін мүмкін емес. Мен не істесем болады?-деп шағымданыпты. Сонда шейх қолына сүт құйылған стақан ұсынып, базардағы бір адамға ешбір тамшысын төкпей апарып беруін сұрайды. Сонымен қатар, өзінің шәкірттерінің бірін шақыртып, егер жігіт сүттің бір тамшысын төгіп алатын болса, жұрттың көзінше қамшылауды бұйырды. Жас жігіт шейхтың бұйрығын орындап, сүттің бір тамшысын да төкпей апарып берді. Қайтып келгенінде шейх: «Жолда қанша қызды көрдің?» - деп сұрайды.Сонда жігіт: «Мен жолда ешкімді де көрмедім, себебі сүтті төгіп мені қамшылайды ма, - деп ойладым. «Жұрттың алдында масқарамды шығарады ма деп қорыққаным соншалықты, стақандағы сүттен басқа ештеңені байқауға мұршам болмады»-дейді. Сонда шейх: Міне діндар адамның күйі осындай. Ол Алладан және Алла Тағаланың айтанына құлақ аспай, ақірет күнінде масқара болудан қорқады,-деген екен.


Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары