Қажылық – мұсылмандар арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Қажылық кезінде төрткүл дүние мұсылмандары әртүрлі тілде сөйлеп түсінісетін әртүрлі ұлт өкілдері жиналып, иманын нықтай түседі. Мұсылмандардың ынтымақтастығы көрініс тауып, бүкіл әлем қызыға қарайтын киелі құлшылық орын алады. Осы сапарға аттанар алдында әрбір мұсылманда ерекше дайындық болғаны жөн. Ерекше деуіміздің себебі, қажылық сапары қыдырып қайтатын жер емес, ол көңіл көтеруге арналмаған. Қажылық – Алланың парызын орындау үшін жасалатын құлшылық. Сол себепті, адам ішкі жан дүниесімен бұл сапарға дайын болуы қажет. Сондай-ақ, әрбір парыздың өз шарттары бар секілді, қажылықтың да өз шарттары бар. Жақын күнде үлкен қажылық сапары басталмақ. Парыз қажылықтың уақыты – шәууал, зулқағда және зулхижжа айының алғашқы он күнінде орындалады. Бүгінде Қарағанды облыстық орталық мешітінде қажылыққа аттанбақ ниеттегі барша мұсылмандарға дайындық дәрістері өткізілуде. Қажылық парызды өтеуге екіойлы болып жүрген мұсылман бауырламызды нәпсіге ермей, керісінше иманын бекіту жолында күресіп, мешітке барып, арнайы дайындық курсынан білім алып, қажылық парызын өтеуге шақырамыз. Өйткені, қажылық ғибадатпен орындалса, күнәлар кешіріліп, жүрек күнә дақтарынан тазарады. Бұхариден жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім әйелімен жақындаспай (жақындасуға себеп болатын барлық нәрседен аулақ болып) және күнә істемей қажылық жасайтын болса, анасынан жаңа туғандай күнәларынан арылып қайтады», - деген.
Қажылық пен оның шарттарына қысқаша тоқталып өтсек:
Түсініктемесі:
Намаз, ораза, зекет секілді қажылық та исламның бес парызының бірі. «Қажылық» сөздікте қасиетті орындарды зиярат ету деген мағынаны білдіреді. Ал, діни терминологияда «Арафат тауына ғибадат ниетімен бір уақыт тұру, одан соң шарттарына сай тауап ету арқылы Қағбаға зиярат жасау, тағы да басқа амалдарын орындау» дегенді білдіреді.
Қажылықтың үкімі:
Қажылықтың парыздығы Құран, сүннет және ижмағ бойынша бір ауыздан бекітілген. Құран кәрімде: «Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Алла үшін қажылық жасау парыз» делінген («Әли Имран» сүресі, 97-аят). Ал хадисте: «Күмәнсіз, Алла тағала сендерге қажылықты парыз қылды, қажылықты орындаңдар» делінген (Муслим).
Қажылықтың шарттары:
Қажылықтың парыздары:
«Уа, жамағат! Алла тағала сендерге қажылық жасауды парыз етті, қажылық жасаңдар», - дейді Алла елшісі ﷺ. Қажылыққа бара алатындай байлығы мен денсаулығы бар әрбір мұсылманға өмірінде бір рет қажылыққа бару парыз. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Бір ұмра келесі ұмраға дейінгі аралықта жасалатын күнәларды өшіреді. Қабыл болған қажылықтың қарымы тек жаннат қана», - деген. Олай болса, қадірменді мұсылмандар, жаннатқа асығайық! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев пен ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы елімізде тұрып жатқан барша мұсылмандар үшін қажылық сапарын өтеуге барынша қолайлы жағдай жасап қойды. 2015 жылдан бері әуе қатынасы жеңілдеп, Меккеге барар жол 6 сағатқа дейін қысқартылды. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Тауаф» қажылық компаниясы жұмыс жасап жатқанын айта кету керек. Егеменді еліміздің бейбіт аспанында Аллаға ғибадат етіп, құлшылықты арттыратын игі амалдар жасап қалуға асығу абзал. Алла тағала барша мұсылманның игі амалдарын сауаптан жазғай. Қажылық сапарына ниет еткен мұсылман бауырламыздың жолдары оң болғай!
Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы
Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы
Пікірлер