Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қажетіңді сұрағанда мына дұғаны оқы
18 шілде, 2017 жыл 9616 Басып шығару нұсқасы

Тариқ ибн Әйшәм (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған кісіге алдымен намаз оқуды үйрететін. Содан кейін: «Аллаһуммағфир ли уархамни уәһдини уә афини уарзуқни» (Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мейіріміңе бөлеп, тура жолға сала гөр! Маған тән, жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр!) – деп дұға етуді бұйыратын еді»,- деп айтты (Муслим, зикр 35).

Басқа бір риуаятта Тариқ (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Раббымнан мұң-мұқтажымды сұрағанымда не деп дұға етейін?» – деген еді. Сонда Алла елшісінің (с.ғ.с.) оған: «Уа, Алла тағалам! Мені жарылқап, кешіре гөр! Мені мейіріміңе бөлеп, тән-жан саулығы мен адал ризық-несібе бере гөр» – деп дұға ет. Расында, бұл дұға дүние мен ақыретке қатысты барлық мұң-мұқтажыңды қамтиды» деп айтқанын естідім», -деген (Муслим, зикр 36).

asylsoz.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары