Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құранды жыртқан қыз құбыжыққа айналып кетті
20 шілде, 2017 жыл 2391 Басып шығару нұсқасы

Діни сауаты бар адамдардың өзі бір мәмілеге келе алмай дабырласып жатса, "басқалар" жайлы айтудың өзі артығырақ. Сол "басқалар" басқа діндерге өздері де өтіп, өзгелерді де ертіп ала кетуде. Алдымен, Алла Тағаланы, сонан соң Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды мойындамайтын жандар өсіп келе жатқан ұрпақтарға теріс тәрбие беріп, тура жолдан тайдыруда. Бірақ, олардың жасап жатқан бұл істері түбінде алдарынан шығатынына еш шүбә келтірмеңіз. Деректерімізді дәлелмен дәйектер болсақ, жақын арада болған бір оқиғаны тілге тиек ете кетуге болады. Иорданиялық отбасылардың бірінде болған бұл оқиға жан түршіктіреді. Дін жолында жүрген әйел Құран аяттарын оқып отырған уақытта, келесі бөлмеде бар қаттысына қойып музыка тыңдап отырған қызынан ән дауысын сәл бәсеңдетуін сұрайды. Сән-қой әрі өзін қазіргі заманға лайық адаммын деп есептеп жүрген қызы жауап ретінде анасының қолындағы Құранды жұлып алып, жыртып, табанына таптайды. Сол мезетте қыздың денесі өртене бастапты. Көз алдында қызының денесі жанып жатқанын көрген анасы өртті өшірмек болып үстіне көрпе жаба салады. Өрт басылды-ау деген уақытта көрпені ашқан ана көз алдында қызы емес, құбыжық тұрғанын көреді. Қорқынышты кейіпке түскен қыздың денесіне түк қаптап, аяқ-қолдары ұзара түседі. Жан түршігерлік өзгеріске бүгінгі күнге дейін дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай дал болуда. Мұндай халге душар болған қызын азаптан құтқармақ болған ата-анасы медицина арқылы қызын ұйықтатып тастауға еріксіз келісім береді.

 

Бұл оқиға Алла Тағаланың Хақ екендігі мен Құран Кәрімнің қасиетті екендігінің тағы бір дәлелі іспеттес. Көктен түскен төрт кітаптың бізге жіберілген Құран Кәрімді аяқ-асты қалдырмай қадірлеу — өзін мұсылманмын деп санаған әр адамның парызы. Басқа діни ағымдардың түрлі-түсті кітаптарын таратуға атсалысып жүрген қандастарымыз Құран Кәрімнің қасиеттілігін дәлелдейтін жоғарыда келтірілген мысалдан үлгі алса, бұл күнге дейін адасып жүргендіктерін аңғарар еді. Әрине, сол бауырларымызға кеш те болса ақыл кіріп, имандылар қатарын толықтырса, "Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" деп Алла Тағала да адам баласы да оларға кешіріммен қарап, қатарынан орын берер еді!...

 

obhodvk.ru

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары