Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дәстүрдің діндегі орны
26 наурыз, 2014 жыл 218 Басып шығару нұсқасы

Дәстүрдің діндегі орныСалт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел.Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті. Содан бері салт – санасы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында Ислам діні халық ділімен біте қайнасып, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды.
Ислам шариғаты дұрыс ұғымдарды, ізгі мұраттарды бекітіп, бұрыс ұғымдарды тоқтату үшін келгді. Сондықтан мұсылман халықтарындағы дәстүрлерді елеп- екшейтін басты безбен шариғат болып саналады. Халық ұстанған дұрыс әдет ғұрыптар Ислам заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастауларының бірі болып саналады.Алла Тағала: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», - деп бұйырған.(Ағраф сүресі, 199-аят.Алла елшсіне (с.ғ.с.) Пайғамбарлық түскен кезде арабтардың арасында да алуан түрлі әдет – ғұрыптар, дағдылары бар болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) олардың Алла Тағаланың әмір – тыйымына кереғар келмейтінін қабылдап, қарсы келетініне тыйым салды. Қазақша «ғұрып» сөзі
«әл-ьурф» сөзінен шыққан. Араб тілінде адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс-әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді. «Әдет» сөзі арабтың «әл-ьаадад» сөзінен шыққан. Мағынасы адамдар арасында көп қайталанатындықтан дағдыға айналған істер дегенді білдіреді.
Әдет және ғұрыптың мағынасы бір деседе болады. Кейбір шариғат кітаптарында «ьурф» сөзін қолданса, енді біреулерінде «әдет» сөзіне басымдылық берілген.
«Дәстүр» сөзі де арабша «дустур» деген сөздің қазақша баламасы.Арабша мағынасы іс - әрекет жасалған ереже, заң дегенді білдіреді. Қазіргі араб тілінде бұл, негізінен, бір елдің конституциясы деген мағынада қолданылады. Адамдар арасында дағдыға айналған шариғат шартына қайшы келмейтін істер шариғи үкімдерді белгілеуде мұсылмандық заңнаманың екінші дәрежедегі қайнар көзі ретінде қарастырылады. Шариғат үкімдері алынатын басты қайнарлар Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екендігі белгілі. Пайғамбар (с.ғ.с.) мен сахабалары белгілі бір мәселеге үкім шығарғанда кейде халық арасында қалыптасқан ғұрыптарға да сүйенген.


Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбір хақ, діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл мәдениеттің аясында қарастырылады. Ал әрбір халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни діні. Осы себепті дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып табылады. Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған сарқыншақтар әдет-ғұрыптарда ғана көрніс береді. Әдет-ғұрып заман ауысқан сайын өзгеріске ұшырап, дамып отыратын құбылыс. Сондықтанда фикх ғұламалары әр заманға және қалыптасқан әдет-ғұрыпқа сай тармақты үкімдердің өзгеріп отыратындығын айтқан. Осы себепке байланысты түрлі мәселелерге пәтуа беретін ғұламалардың шариғат ғылымынан, өзі отырған аймақтың әдет-ғұрпы мен мәдениетінен толыққанды хабардар болуы талап етіледі. Халық арасында қалыптасқан, тамыры тереңде жатқан салт-дәстүрлермен бірге шариғат құптамайтын ырымдар, қалыптасып қалған әдеттер де бар. Мысалы, болашақты болжау, балгерлікпен айналысу, құмалақ ашу, өлілерге табынып олардан жәрдем сұрау, әр нәрсені киелі тұтып сыйыну, табыну үрдістері мұсылманшылыққа жат қылықтар.
Фикх білгірлері әдет – ғұрыптың шариғатта қабыл алынуының бірнеше шарттарын белгілеген. Олардың бастылары төмендегідей:
1. Құран Кәрім мен сүннетке және мұсылман ғұламаларының ортақ ұйғарымына кереғар келмеуі тиіс.
2. Үкім шығарылған уақытта халық арасында кең қолданылатын болуы тиіс. Негізінде әдет-ғұрыптар әр заманда өзгеріске ұшырап отырады.Тарихта болып, кейіннен жойылған әдет-дағдылар шариғатта есепке алынбайды.
3. Қарастырылатын әдет-ғұрып бұқара халықтың арасында кең таралған, үйреншікті дағды болуы тиіс.
Ханафи мазһабының ғалымы Ибн Абидин «уқуд рәсім әл муфти» кітабында былай дейді:


Ғұрыптың шариғатта орны бар,
Кейде үкім соған қарай орнығар.


Абай аудандық мешітінің найб имамы: Смағұлов Жасұлан Манапұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары