Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шашыңды әйеліңе жуғыз! Оның керемет себебі бар!
21 шілде, 2017 жыл 6488 Басып шығару нұсқасы

Бұл – Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйреткен әдіс. Ол кісі шашын Айша анамыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жуып бергеніне әбден үйреніп қалған екен. Бірде мешітте ихтикәфта отырғанда шашын жуу керек болып, анамызды қасына шақырады. Айша анамыз (оған Алла разы болсын) хайыз (әйелдердің айына бір рет қан көруі) жағдайында екендігін айтады. Сонда ол кісі басын мешіт қабырғасынан шығарып, әйелінің жууына жағдай жасайды (Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйі мешітпен қабырғалас еді). Ол мұны неге жасады? Әйтпесе, өзінің қолынан келетін істер емес пе еді? Дана Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті әйелінсіз ештеңе істей алмайтындығын көрсеткісі келді. Сен де оған ол жоқ кезде үйдің қараңғы, тамақтың дәмсіз, өмірдің көңілсіз екендігін айтып тұр. Оның айтқандарын мән беріп тыңда. Оның туыстарына, отбасына құрмет көрсет. Онымен ақылдасып тұр. Егер айтқаны дұрыс болса, пайдаланасың, егер дұрыс болмаса, өзіңнің дұрыс деп тапқаныңды жасайсың. Қазақтың «қабырғаңмен кеңес» деген сөзі бекерден-бекер емес екенін біл.

aylarna.kz сілтемесінен деректер алынды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары