Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әкеңе шипа беретін дұға
22 шілде, 2017 жыл 1481 Басып шығару нұсқасы

Азамат ес білгелі әкесі мен анасының ұрыстарына жиі куә болып келеді. Үйдегі берекесіздік әкесінің ішімдікке салынуынан еді. Ол ішімдіктің салдарынан денсаулығын бірте-бірте нашарлатып, соңында асқазанның қатерлі ісігіне душар болды. Тұрмыстары өте нашар болатын, тіпті, дәрі-дәрмекке ақша жоқ еді. Кішкентай Азамат әкесінің қатты қиналып, төсек тартып, ал анасының оның жанында шарасыз, уайымға салынған күйде отырғанын көріп, шыдамы жетпестен үйден шығып кетті. Шешесі далада жылап отырған баласына келді де басынан сипап: – Құлыным,өткен жолы теледидардан бір бағдарлама тамашалап едім, сонда Алла Тағаланың «Егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса: Мен оларға жақынмын, қашан Менен не тілесе тілеушінің тілегін қабыл етемін» деген сөзін айтты. Қол жайып не тілесек, соны береді екен. Енді біз де барлық жағдайда Құдайға дұға жасап, әкеңнің жазылғанын тілейік, - деді. Бала мұны ести сала мешітке қарай беттеді. Тебірене, қобалжи түсіп, мешіттің табалдырығынан ішке енді. Бойын үйреткеннен кейін қолын жайып, дұға ете бастады. Азаматтың беріле, көзіне жас ала, жалбарынып, дұға етіп отырғанын көрген мешіт имамы таңырқап қалды. Баланың дұға жасап біткенін күтіп, жанына барды да: - Балам, неге мұнша уайымға салындың, не болғанын айтып бере қойшы?! - деді. Азамат жатырқамастан мән-жайды түсіндірді. Имам жағдайды білгеннен соң, оның қолына бір қағазды ұстатып: «Мынаны анаңа бер, анаң мұны әкеңе оқытса, Алла қаласа, жазылып кетер, - деді. Қағазда «Ықылас», «Фәлақ», «Нәс» сүрелері, «Аятүл Күрсі» және Құран сүрелерімен қалай шипа алуға болатыны жайлы жазылған еді. Бала асығып үйге жетті де, қағазды анасына табыстады. Әкесі онда не бар екенін сұрап еді, әйелі: - Мына жерде не жазылса, соны жаса, Алланың қалауымен жазыларсың, - деді. Аурудың азабын татқан әке әбден ойланып, өмірден түк бітірместен кетіп бара жатқанын түсінген еді. Жұбайының «жазыласың» деген бір ғана сөзі оның өмір сүруге деген талпынысын қайта оятты. Қағазды алды да, көрсетілгендерді егжей-тегжейлі жасады. Көп уақыт өтпей, ол ауруынан құлан-таза айығып кетті. Азаматтың әкесі Алланың ұлылығын мойындап, қателіктерін түсініп, тәубе жасады, Хақты түсініп, құлшылыққа бет бұрды...

Р.S. Ауру – Алланың сынағы. Өмірде адамның басына түрлі жағдайлар келеді. Мұндай жағдайлардың(сынақтардың) бәрі де Алладан екенін білеміз. Сондықтан қиналғанда пана, жәрдем, шипа, ризық сұрарымыз бір Алла ғана! Аса Кешірімді Алла Өзі қаласа құлының бұрынғы жасаған күнәләрінің бәрін де кеше алады... Я, Алла, Сен қандай жақсы Пана, қандай жақсы Қорғансың! 

Ақпарат көзі: http://asylarna.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары