Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тұрып дәрет сындыратын еркектер мынаны білсін
24 шілде, 2017 жыл 3357 Басып шығару нұсқасы

Əссəлəму əлейкум! Зəру жағдайда кіші дəретті тұрып сындыруға бола ма? Мысалы, кейбір қоғамдық əжетханаларда. Нұрболат

 

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Хадистерге қарағанда, Алла елшісінің (с.а.у.) кіші дәретті көбінесе отырып сындырғандығын байқауға болады. Тіпті Айша анамыз: «Кімде кім сендерге Пайғамбардың тұрып дәрет сындырғанын айтып хадис жеткізсе, оған сенбеңдер. Ол (с.а.у.) тек отырып дәрет сындыратын», - деген[1]. Сондықтан да, Исламдағы әжетхана мәдениеті бойынша, кіші дәретке барған мұсылман әжетін отырып өтейді.

Алайда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сирек болса да кіші дәретті тұрып сындырғандығы сахих хадистерде айтылады[2]. Мұнысын Ислам ғұламалары түрлі себептермен байланыстырған. Мысалы, тізесінің ауырғандығымен байланыстырса, кейбір ғұламалар отыруға жайсыз жер болғандықтан солай істеді дейді.

Қалай болғанда да, бұл - кейбір отыруға қолайсыз жерлерде зәрді тұрып сындыра беруге рұқсат екендігін көрсетеді.


[1] Тирмизи - №12; Ибн Мәжә; Нәсәи.
[2] Бухари; Мүслім. 

Абдусамат Қасым

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары