Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Садақа туралы
26 наурыз, 2014 жыл 238 Басып шығару нұсқасы

Садақа туралыАз болса да, көп болса да садақа беруді ұмытпаңдар. Себебі ол он жерде мадақталған. Бесеуі – осы дүниеде, ал қалған бесеуі – ақіретте.
Дүниедегісі:
1) Садақа берумен мал тазаланды;
2) Садақа берумен күнә кешіріледі;
3) Садақа ауру пәле-жаланы қайтарады;
4) Садақа берумен кедей міскінді қуантасыз;
5) Садақа берумен малдың берекеті кіреді;


Ақіретегісі:
1) Садақа қияметтегі аптапта иесіне көлеңке болады;
2) Садақа берген есеп-қисаптан жеңіл өтеді;
3) Садақа мизан таразысында ауыр болад;
4) Сираттан өтуге рұқсатнама болады;
5) Жәннаттағы дәрежесін өсіреді.
Садақаның сегіз түрлі шарты бар.
Олар:
1) Садақа адал малдан берілуі тиіс;
2) Мал-дүние аз болса да беруге;
3) Уақыт өтіп кетеді деп беру асығу;
4) Сараңдықты кетіру мақсатында садақаны малдың жақсырағынан беру;
5) Риадан қорқып, оны жасырын беру;
6) Сауабын жоғалтуда қорқып, міндет етпеу;
7) Тек Алла ризалығы үшін сауап алу ниетімен беру;
8 ) «Байлықтан бердім, мұқтаждық алды» деген ниеттен аулақ болу. Керісінше, беруге сіз мұқтажсыз.
Ислам ғұламаларының өсиеттері


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары