Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күйеуінен мынаны сұраған әйел жәннаттың иісін де сезбейді
27 шілде, 2017 жыл 3856 Басып шығару нұсқасы

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қандай әйел орынды себепсіз күйеуінен талақ сұрамасын, ол үшін Жәннаттың иісі харам болады!» деген. (Ахмад). Имам Ибн Қудама былай деді: «Бұл хадис қажетсіз талақ сұраудың (ажырасуды сұраудың) тыйым салынғандығына нұсқайды, өйткені бұда әйелдің өзі үшін де, күйеуі үшін де зиян бар, сондай-ақ бұл некені қажеттіліксіз пайдасынан құр қалдырады». Имам әш-Шәукани былай деді: «Бұл хадисте әйелдің күйеуінен талақ сұрауына қатаң түрде тыйым салынғанына нұсқау бар! Өйткені кім Жәннаттың иісін сезбесе, сол , демек, Оған кірмейді емес пе!?» Келесі хадисте: «Орынсыз ажырасу мен айырылысуды талап ететін әйелдер екіжүзділер болып табылады» (Нәсаи) делінген. Имам әл-Мунауи былай деді: «Мұндай әйелдердің екіжүзділікпен сипатталғандығының себебі – (әйелдерді) осындайды істеуден қорқыту және сақтандыру үшін. Әйел кісіге күйеумен қастасу, күйеуінің діни немесе дүниелік нашар сипаты мен мінез-құлқы себебінен оны жек көру, оның кейбір қақыларын орындамау қауіпі сияқты себептер болмаса, одан хулғ сұрауы айыпталады». Хулғ сөзі – шешу, сыпыру (киімді т.б) деген мағына береді. Шариғатта – күйеудің әйелге өтемақы ала отырып бостандық (ажырасу) беруі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары