Қарағанды 15:26 Екінті
  • 07:20 Таң
  • 08:54 Күн
  • 13:08 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Білімді имам ел қорғаны

Елімізде дін мамандарын, имамдарды дайындау, олардың білім деңгейін тұрақты түрде көтеруге жағдай тудырып, халықтың ислами білім алуға деген сұранысын қанағаттандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.  Заман талабына сай имамдарды даярлауда дамушы ел ретінде соңғы оқу технологиясымен білім беру жүйесі жүзеге асып жатыр. ҚМБД бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы діни қызметкерлердің білімі мен беделін арттыру мақсатында «Үздік зияткер имам» атты тұжырымдаға қол қойды. Мұндағы мақсат, мешіттерді қызмет атқарып жатқан имамдардың біліктілігін арттыру, діни сауат алғысы келетін жас түлекке молынша кең жол ашу, еліміздің егемендігін сыртқы керағар күштерден білім арқылы сақтап қалу. Біздің ешқайсымызға елді  қорғауда қаруды қолданғаны қажет емес. Тек білім ғана, білімді ұрпақ қана елімізді көркейтіп, бейбіт күннің астында ұстай алады. сол себепті де қазірдің өзінде Қазақстанның көптеген қалаларында медреселер ашылып, дүниауи пәндермен қатар, яғни қазақ тілі, қазақстан тарихы секілді негізгі пәндермен қоса ислам тарихы, араб тілі, Құран Кәрім оның ілімдері секілді бірнеше сабақтардан дәрістер оқытылып, бітіруші түлектерге дипломдар берілуде. Сонымен қатар, «Нұр-Мүбарак» университетінің де қарқыны күшейген. Қазақстан шетелдегі жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында және жас ғалымдарды даярлауда үлкен істер атқарып келеді. Мысалы, Мысырдың әйгілі «әл-Азхар» университетімен, Түркиядағы «Хасеки» академиясымен, Біріккен Араб Әмірлігі және Ресей еліндегі ЖОО орындарымен тығыз қарым-қатынас орнаған. Аталмыш мемлекеттегі ЖОО бакалавр, магистратура және ғылым докторантурасы (PhD) деңгейінде білім береді. Имам дайындау–еліміз үшін аса жауапкершілігі жоғары іс. Себебі,  имамдардың жұмысы жаназа мен намаз үйретумен шектелмейді. Кейбір мәдени, рухани ошақтары жоқ елді-мекендерде мектеп пен мешіттер халықтың басын біріктіріп, ынтымағына қызмет ететін бірден бір шаңыраққа айналып отыр. Сондықтан «Үздік зияткер имам» тұжырымдасы белсенді жұмыс атқаруға септігін тигері хақ. Бағдарлама негізінде жас талапкерлерлер жоғары білім алса, ал мешіттерде қызмет етіп жатқан имамдар өз білімдерін толықтыруды ары қарай жалғастыратын болады. Осы бағытта жұмыс жасап жатқан «Ислам институты» жылда екі маусымда бірнеше имамның біліктілігін артыруда. Қызмет бабындағы имамдарға тұжырымдама неігізінде қосымша ғылыммен айналысуға да мүмкіндік зор болмақ. Келер күнге мақсат етіп, соңғы технологияны меңгеру және үштілді игеру істері де жоспарға қойылған. Бүгінде еліміздегі медреселер мен ЖОО араб, түрік тілдерімен қатар ағылшын тілін оқытуды да қолға алуда. Енді тәлімгерлер компьютерді меңгеру, діни сайттарды жүргізу, телевизия саласын қамту секілді медиа саланы да үйренетін болады. Елімізде діни сауат кеңейіп, экстремизмнің тамырына балта шабылады деп үміттенеміз. Өйткені діни-саяси істе тек білім ғана жеңіп шықпақ.

Жалпы тұжырымдаманы орындау екі кезеңге бөлінген: бірінші кезең 2016-2018 жылдарды қамтыса, екінші кезең 2019-2020 жылдарға арналған.

ҚМДБ 2020 жылға дейінгі діни білім беру тұжырымдамасында ислами білім беру саласын 7 сатыға бөлген:

1.Діни сауат ашу мен Құран сүрелерін жаттау курстары;

2. Діни оқу орындарына талапкерлер əзірлейтін дайындық курстары;

3.Діни оқу-тəрбие процесін жүргізетін Қайырымдылық мекемелері;

4. Құран кəрім сүрелерін кəсіби тұрғыда жатқа оқуды үйрететін қарилар дайындау орталықтары;

5.Техникалық жəне кəсіптік білім беретін медреселер;

6.Жоғары оқу орны жəне жоғары оқу орнынан кейінгі діни білім беретін оқу орындары.

7. Имамдардың білімі мен біліктілігін жетілдіру институты.

Тұжырымдамада əрбір сатының ерекшеліктері мен міндеттері ашылып көрсетілген. Бір сатыдан екіншісіне жоғарылаған сайын діни білім беру бағдарламасы да күрделеніп отырады. Ислами білім берудің мақсаты – азаматтардың діни сауаттылығын көтеру, өз дінінің практикалық міндеттерін орындауға баулу. 

Осы аталған міндеттердің уақытымен жүзеге асатындығына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қазірдің өзінде Малайзия, Ресей, Мысыр, Түркия секілді елдердегі бірқатар белді, беделді университет, діни орталықтармен келісімдер жүргені де дəлел. Ал шетелге діни білім алуға оң-солын ажырата білетін жастарды жоғарғы білім алуға жіберу де құптарлық.

Олай болса әрбір ата-ана өз перзентіне мол білім беруге асыққаны абзал. Ата-ананынің міндеті баланы бір бағытқа қарай бағдарлау. Бастысы осы міндетімізден жаңылысып қалмайық, құрметті Отандастар!

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешіттің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    14 желтоқсан 2018 жыл Нәпсіге ие болу
    07 желтоқсан 2018 жыл Мұндай малға ен салу харам
    03 желтоқсан 2018 жыл Шуба кию күнә ма?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика