Уақыт ешкімге құлақ аспай зымырап өтіп жатыр.Көпшілігіміз уақыттың қадірін біле бермейміз. Оның қадірін қалай білуге болады десеңіз? Жақсылап тыңдаңыз:
Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз.
Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге әкелген анадан сұраңыз.
Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, апталық журнал шығаратын журналистен сұраңыз.
Бір сағаттың қадірін білгіңіз келсе кездеспек болған екі ғашықтан сұраңыз.
Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, поездан қалып қойған адамнан сұраңыз.
Бір секундтың қадірін білгіңіз келсе, жол апатына тосқауыл бола алмаған жүргізушіден сұраңыз.
Бір секундтың ішіндегі долесекундтың қадірін білгіңіз келсе, олимпиядада күміс алқа таққан спортшыдан сұраңыз.
Әрбір сәтті дұрыс пайдалан.Уақыт сізді ешқашан күтпейді. Өткенің тарих, болашақ сіз үшін беймәлім сырларға толы. Біле білсең осы сәт – сіз үшін үлкен мүмкіндік.
«Өмірдің үзік сырлары»
Пікірлер