Қарағанды 12:57 Бесін
  • 06:47 Таң
  • 08:16 Күн
  • 12:57 Бесін
  • 15:42 Екінті
  • 17:28 Шам
  • 18:57 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Аяғын құбылаға қаратып жататындар мынаны білмейді екен

Сұрақ: Құбылаға аяқ созу дұрыс емес деп жатады. Ал, кейбір адмдардың мешітте аяқтарын құбылаға қаратып созып жатқанын көріп, бұлай жасамау керектігін айтсаң ,«дәлелің бар ма?» деп қарсы шығады. Мұның үкімі қандай, шынында да бұған дәлел бар ма?

Жауап: Құбыла бағытының өзге бағыттардан әрине айырмашылығы бар. Ол ислам дінінің шааирі, яғни ислам дінінің ерекшелігі саналатын белгілерден болып табылады. «Хажж» сүресінің 32-аятындағы:

ذَلِكَ وَمَن يُعَظِّمْ شَعَائِرَ اللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقْوَى الْقُلُوبِ 

«Кім Алланың шааирін (дінге қатысты) белгілерін ұлықтап, құрмет көрсетсе – расында ол жүректің тақуалығынан», – деген аят та осы құрметке ишарат жасайды. Осы аятта айтылған «шааир» сөзі белгі, ерекше сипат деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынада «шәаир» Ислам дінін өзгелерден ерекшелеген белгілерге қолданылады. Оларға намаз, азан, мұнара, қажылық, жұма намазы, қажылық т.б. секілді ерекшеліктер жатады. Міне, осы діни белгілерге құрмет көрсетіп, ұлықтау – тақуалықтың айнасы. Ал, тақуалық – Ислам дінінің негізгі талабы.

 «Фәтху бабил-иная» атты фиқһ кітабында балиғат жасына толған, діни тұрғыдан жауапкер саналатын адамның құбылаға қарай аяғын созуы мәкрух делінген (Фәтху бабил-иная, т.1, 171-б.; Фәтәуә Хиндия). Имам Сарахси да мұнымен қатар, тіпті діни кітаптардың өзіне қарай аяқ созудың мәкрух екендігін айтқан. Сондықтан да жатқан немесе отырған кездерде мұсылмандардың құбыласы болып табылатын, періштелер тауап жасайтын сидратуль-мунтахаға дейін созылған, жүздеген пайғамбар жерленген Қағбаға қарай аяқты созу – әдепсіздіктің белгісі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұйықтар кезінде бізге осы әдепті үйретіп кеткен. Ол жүзін құбылаға қаратып, қолын басының астына қойып, оң жағына қарап жататын. Қайтыс болған адамдарды мазарға қоярда жүздерін құбылаға қарату да – құрмет көрсетуге қатысты ислам шариғатының құқықтық үкімі. Сонымен қатар, фиқһ кітаптарында Құранға қарата аяқты созу, құбылаға қарап дәрет сындыруды мәкрух санап, азанды басынан соңына дейін құбылаға қарап оқуды, Құранды құбылаға қарап отырып оқуды, жүзді құбылаға қаратып отыруды сүннет деп тапқан. Өйткені бір хадисте: «Әр нәрсенің ең жақсы, ең оңтайлы түрі бар. Отырудың да ең дұрысы құбылаға қарап отыру»,– делінген (Әбу Даууд).

Ал, дәлел сұрағыш кісілердің «бұл мәселеге қатысты дәлел жоқ» дей отырып, мешітте Пайғамбарымыздың ұйықтағандығын, сахабалардың да солай жасағандықтарын алға тарта отырып, тек өз «шейхтерінің» көзқарасын дәлел ретінде алға тартулары да өз айтқандарына қайшы келеді. Өйткені, бұл хадистерде Пайғамбарымыз аяқтарын құбылаға қаратып созып жатты деген ешқандай сөз жоқ. Сонымен қатар, діни дәлелдер тек қана аят-хадистерден алынбайтынын, ол екеуінде ашық үкімі бектілімеген мәселелерде ижма, қияс, масалихул-мурсала, әдет-ғұрып т.б. секілді ұстындарға жүгінілетінін ислам шариғатынан аздап хабары бар адам біледі. Ал біздің елімізде тараған дәстүрлі ханафи мәзһабы бойынша бұл іс-әрекет жағымсыз, әдепсіз іс деп қабылданған. Өйткені ханафи ғалымдары Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеттерін кең түрде түсінуге тырысып, осылай үкім шығарған. Олай болса, парасатты мұсылманның бұған құрмет көрсетіп, бүлік шығармауы – мұсылманшылыққа ең лайықты ұстаным. Өйткені, Алла тағала және Оның елшісі (с.а.с.) Пайғамбарымыз қоғамда бірлік-тірлік, береке болуы үшін, елдің арасында бүлікке бастар істерге тыйым салған. Әрі олар Ибн Хажардың «Фәтхул-бари» атты кітабында келтірілген хадиске сұйене отырып, мешітте намазды күтіп отырған кісі өзгелерге сөзімен және істерімен қолайсыздық тудырған жағдайда періштелердің оған жасайтын дұғалары мен сауаптың тоқтауына себеп болатындығын айтады. Осы айтылған мәселенің өзі әдейі мешіттегі көпшілік ұстанатын ханафи мәзһабы өкілдерінің көзқарастарына немқұрайдылық танытып, кейде әдейі қырсығып елдің діни сезімталдығына тиюдің сауаптан құр алақан қалдыратынын көрсетіп тұрған жоқ па?

Сондықтан мешітте болсын, үйде болсын, яқты құбылаға қарай созып жатпау қажет. Ал, үйдің орныласуының ыңғайсыздығы, кішкентайлығына байланысты зәрулік туындаса, онда аяқты құбалаға қарай беріп жатуға рұқсат етіледі.

Алау Әділбаев

qalam.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    15 қараша 2018 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    13 қараша 2018 жыл Ең керемет әке
    13 қараша 2018 жыл Құбыла бағыты
    06 қараша 2018 жыл Аллаға еркелесем...
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика