Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жамағат намазының фазилеті
10 сәуір, 2014 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

Жамағат намазының фазилетіПайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Егер де, кім Маған (с.ғ.с.) бір мәрте болсын салауат айтса, шаңның тозаңындай да күнәсі қалмайды» деген екен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім бес уақыт намазды жамағатпен оқыса, Алла тағала ол адмға бес сыйлық тарту етеді. 1.Дүниеде таршылық көрмейді.
2.Алла тағала қабір азабынан сақтайды.
3.Амал дәптері оң жағынан беріледі.
4.Қыл көпірден найзағайдың жарқылындай жылдамдықта өтеді.
5.Есеп-қисапсыз жұмаққа кіргізіледі».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және бір хадисінде: «Жамағатпен оқылған намаз, үйінде жалғыз 40 жыл оқыған намаздан артық және жамағатпен оқылған намаз, жалғыз оқыған намаздан 27 есе артық» деген екен.
Және бір хабарларда келеді: «Алла тағала қиямет күнінде қауымдарды тірілткенде, кейбір қауымдардың жүзі жарқын болады. Сонда періштелер: Әлгі жүзі жарқын қауымнан мұндай дәрежеге қалай жеттіңдер деп сұрайды? Сонда қауым тұрып: Біз азан дауысын естігенде, басқа нәрсемен айналыспай дәрет алатын едік дейді. Бұл қауымнанда асқан жүзі жарқын қауым келеді. Сонда періштелер: Бұл дәрежеге қалай жеттіңдер деп сұрайды? Ол қауым тұрып айтады: Біз азаннан бұрын дәрет алатын едік дейді. Және тағы бір қауым келеді олардың жүздері алғашқы қауымнан да жарық болады. Періштелер: бұл дәрежеге қалай жеттіңдер деп-сұрайды? Біз азанды мешітте отырып күтетін едік дейді».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Егер бір адам намазға «Аллоһу әкбәр» деп тәкбір айтып кірсе, Алла Тағала мына құлымның мойыныңдағы күнәларын алыңдар, Менің құлым Маған таза күйінде құлшылық қылсын деп ,- періштелерге әмір етеді. Әлгі құл намазын аяқтап болғаннан кейін, періштелер:Я, Рабби! Бұл құлдың күнәсін өзіне қайтарайық па дегенде, Алла Тағала айтады: бұл күнәларды құлыма қайтару Менің ұлылығыма сай келмейді. Сондықтан Мен құлымның күнәсін кештім деген екен».
Алла Тағала қиямет күнінде дүниедегі мешіттерді ақ түйенің кейпінде жаратады, аяқтары амбрадан яғни, хош иістен, мойындары зағфаран хош иісті шөбінен, бастары мисктен, азандары жасыл зүбаржад тасынан, азаншылары сол мешіттерді жетектеп бара жатады, сол түйенің соңынан сол мешіттердің жамағаты ереді, сол кезде осыларды көргендер, бұлар періштелер ме әлде пайғамбарлар ма? Дегенде, сонда бір дауыс шығады: Бұлар жамағатпен намаз оқыған пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі деген екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ағынды суға дәрет алып, имамның соңынан тұрып намаз оқыса, Алланың рақымына әбден лайық болады»- деген».


Арабшадан аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зулжаладдинұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары