Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл қиындық та өтеді
19 наурыз, 2019 жыл 753 Басып шығару нұсқасы

Бірде данышпанға бір кісі келіп:

– Мен бақытсыз жанмын. Осы қиыншылық деген менің-ақ басымнан арылмай қойды ғой. Жұмысымнан шығып кеттім, әйелім болса ауырып жатыр. Енді не істерімді білмеймін, – деп өмірге деген өкпесін айтады.

– Бұл мәселенің бір шешімі бар, – дейді данышпан. Көп ақ қағаздарды аласың да оларға «бұл қиындық та өтеді» деп жазып, үйіңдегі барлық бөлмелерге іліп қоясың. Кісі рахметін айтып үйіне қайтады.

Арада бірнеше уақыт өткен соң әлгі кісі данышпанға қайта келеді де:

– Менің сізге айтар алғысым шексіз. Аллаға шүкір, қазір бәрі де жақсы. Сұрайын дегенім, әлгі бөлмелерге ілінген қағаздарды алып тастай салсам болатын шығар? – деп сұрайды.

Сонда данышпан:

– Алып тастауға? Жоқ, әзірге тұра берсін, – деп жауап береді.

asylsoz.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары