Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хазіреті Омардың (р.а.) насихаты
22 сәуір, 2014 жыл 313 Басып шығару нұсқасы

 Хазіреті  Омардың (р.а.) насихатыСаған жамандық жасағанды жақсылық жасаумен жазаға тарт. Шындықты білгенге дейін бауырларыңның әрекетін жақсыға жори бер. Сырын сақтаған мұратына жетеді. Өзі күнә арқалайтындай теріс іс істеген кісі өзін сөз қылғаны үшін елді Сыдық (опалы, адал) деп кінәламасын. Достар тап, көлеңкесінде саялайсың әрі жаныңды жайландырады. Қиындық кезінде әрбір істе қаруың болып есептеледі. Сені өлімге апарса да шындықтан айрылма. Саған керек емес бөтен іске араласпа.Әләзір мүмкін емес жайларды сұрама. Мұқтаждығыңды қаламайтын адамға айтпа. Өтірік айтып ант ішіп, жай айта салған ұылып «нан ұрсын, құдай ақы» деген секілді сөздерді айтпа, Алла Тағаланың қаһарына ұшырайсың.Өзің кәміл толық сенбейтін адамнан абай бол. Сенімді кісілер менғана дос бол, олар Аллаһтан қорқатын кісілер. Ғибадат етіп жатқан кезде өзіңді бейшарадай ұста.
Құран Кәрім Алла Тағаланың кәламы(сөзі). Қанша тағзым етіп, құрмет көрсетсеңіз де аз. Құран кітабы кітапханаларға қойылар болса, ең жоғарғы орында арнайы сөреге қойылуы тиіс. Үйде тігілген матаға іліп қойыңыз. Кітап ішінде жазылған сөзі бар қағаз, парақтар немесе есеп салып қойуға болмайды. Сондай-ақ, өз жағдайын біле тұра, жүніп күйінде харам қолымен Құранды ұстауға болмайды.
Айналандағылар көп бос амалдармен айналысып жатқанда сен аз болса да жақсы амалмен айналыс. Әркім сыртын әдемілеп атқанда сен ішіңді әдеміле. Әркім пайдасыз дүниенің қамын ойлап жатқанда сен ақыретті ойла. Әркім басқаның айыбын ашып жатқанда сен өз айбыңды жөндеуге тырыс. Әркім адамдарға жағынуға тырысып жатқанда сен Алла Тағала жағынуға және Алланың разылығын алуға тырыс. Әркім фәнимен дос болып жатқанда сен жалғыз уәһи (мәнгі) болған Алла Тағаланы дос тұт. Әркім нәпсі қалауының ізінде жүргенде сен өз нәпсіңді тый. Әркім мал жинаудың қамымен үргенде сен жомарт бол,-деп насихаттаған.


Дурратул уағйзин кітабынан аударған
Осакаров ауданынның бас имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары