Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Жәннатқа мына адамды кіргізбейді!
16 тамыз, 2018 жыл 2316 Басып шығару нұсқасы

Қияметте Алланың құзырында үлкен күнәлардың ең үлкенінің бірі – жетімнің мүлкін жеу екен (ибн Хаббан). Ата-анасынан айырлыған баланы балалар үйіне қалдырып, мүлкіне ие болып, Алланың алдында жауапкершілікті ұмытуға болмайды. «Алла Тағала жетімнің мүлкін жеген адамды Жәннатқа кіргізбейді» дейді имам Хаким. Әбу Йала: «Қияметте бір қауым ауыздарынан от шыққан күйде қабірлерінен тұрады» Алла Тағала «Ниса» сүресінің 10-аятында: «Жетімнің мүлкін әділетсіз түрде жеген адамдар іштеріне от салған болады. Бұлар жалындап жанған отқа тасталады» деген», - дейді». 

 

Алла елшісі () жетімге қалай қараған?

Мутә соғысында Алла елшісі (ﷺ) соғысқа әскерлері мен оларға сахабаларды қолбасшы етіп жіберді. Пайғамбарымыз (ﷺ) Алла Тағаланың бұйрығымен мың шақырымнан да алыстағы соғыс алаңындағы жағдайды мұғжиза ретінде көріп, сахабаларына хабарлаған еді. Жафәр бин Әбу Тәліп (р.а.) шейіт болған күні осы оқиғаны айтқаннан кейін тұрып, Хазреті Жафәрдің үйіне барады. Әйелі Әсма (р.а.) үй шаруасын бітіріп, балаларын жуындырып, шаштарын тараған еді. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ей, Әсма! Жафәрдің ұлдары қайда? Оларды алып кел» деді. Әсма (р.а.) балаларды алып келген кезде пайғамбарымыз (ﷺ) оларды бауырына басып, оларды құшарлана иіскеп, сүйді. Жүрегі елжіреп, көзінен жас сорғалады. Мұны көрген Әсма (р.а.) ханым: «Ата-анам Сізге құрбан болсын, йа, Расулуллаһ! Неге балаларыма жетімдерге көрсететін мейірімділікті көрсетіп отырсыз? Әлде Жафәр мен жолдастарынан қайғылы хабар алдыңыз ба?» деп жалынып сұрады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Иә, олар бүгін шейіт болды» деді. Хазреті Әсма (р.а.) да балаларын бауырына басып, жылады. Бұл көрініске пайғамбарымыз шыдай алмай, шығып кетеді. Үйіне барған пайғамбарымыз (ﷺ): «Жафәрдің үйіне тамақ дайындауды ұмытпаңдар», - деді. Үш күн шейіт отбасыларына тамақ жіберіліп отырды.

 

Фатима (р.а.) жетімге көрсеткен қайырымдылығы:

Хасан Челеби (р.а.) «Мәуақиф» кітабының түсініктемесінде былай деген: Хазреті Хасан мен Хазреті Хусейн ауырып қалды. Хазреті Әли мен Хазреті Фатима (р.а.) және қыз қызметшілері, балалары жазылса, үш күн ораза ұстайтындарын нәзір етті. Балалары жазылды. Ауызашарға жейтін ештеңе жоқ еді. Бір яһудиден 3 са (1 са – 3,5 кг.) арпа қарызға алды. Хазреті Фатима 1 са арпадан ұн жасады. Мұнымен бес нан пісірді. Бір кедей келіп, «Маған жейтін бір нәрсе беріңізші» деді. Нандарды соған беріп, аш жатты. Ертеңіне бір жетім келді. Бұларды да соған беріп, аш жатты. Үшінші күні де бір құлы келіп, тамақ сұрады. Мұны да соғын берді. Алла Тағала Расулуллаһқа  (ﷺ) аяти карима жіберіп, бұлардың нәзірлерін және исарларын (жомарттықтарын) мақтады». Сондай аш қарын бола тұра, жетімге бар дәм татарын қиған Фатима (р.а.) анамыздай жомарт, қайырымды, мейірімді болғанға не жетсін. 

 Алла тағала біздің қоғамды рақымына бөлегей! Жетім саны азайып, мейірімді жандардың саны артқай! Құрметті мұсылман бауырлар, мүмкіндігіңізді жібермей тозақ отынан сақтауға әрекет етіп қалуға шақырамын. Жақсылық жасауға ұмтылайық. Сауабын Алла береді! Бәлкім, Сізді Жәннатқа апарар бірден-бір амал сол болар...

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешіттің бас имамы

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары