Қарағанды 08:21 Күн
  • 06:51 Таң
  • 08:21 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:24 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Сізге қажет ереже!

Намаз оқып, құлшылық етіп жүрген пенденің көңіліне кірбің салатын жайттар көп. Көңілге түскен дүниелік заттар, «қолдың кірі» екені ұмытылып жатады. Соның әсерінен намаздар белгіленген уақытта оқылмай, осы дүниелік өмір тіршілігі бірінші кезекке шығып жатыр. Осы ретте намаз оқушы бауырларымызға төмендегідей ережелерді ұсынып отырмыз:

Таң намазына тұруға көмектесетін 6 ереже

  1. Ең бастысы ниет ету. Жатар алдында таңсәріде тұрып, намаз оқуға ниет етіп, Алладан сұрап жатқан адамның дұғасы қабыл болары хақ! Бастысығ жүректен шықса болғаны.
  2. Адам өзін ұйқыға ерте жатуға үйретуі тиіс, яғни құптан намазынан соң!
  3. Ұйықтар алдында зікір айту: «Субхәналлаһ» (33 рет), «Альхәмдулилляһ» (33 рет), «Аллаһу Акбар» (33 рет);
  4. Жалқаулықтан құтылу дұғасын оқу: «Аллаһума иннни әузә бикә минәлһамми уәлһазан уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал».(Иә, Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сыйынамын. (аль-Хаким, аль-Бухари))
  5. Адамның ішкі мүшелері демалу үшін ұйқы алдында тойып тамақ жемеген абзал. Сонда ұйқыдан тұру оңай болады.
  6. Сағат тілін әр 5-10 минутта қоңырау шалатын етіп, белгілі бір уақытқа қою қажет. Шаршап ұйқыға қатты кететінін білген адам, өзін оятқанын ескерткені дұрыс.

Абу Хурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Жамағатпен бірге оқылған таң және құптан намазына берілетін сый туралы білгендеріңде,  онда еңбектеп болса да мешітке жеткен болар едіңдер», - деген екен. Абу Хурайра (р.а.) риуаят еткен тағы бір хадисте Пайғамбар (ﷺ) айтқан: «Жамағат намазы біреуіңнің жалғыз оқыған намазыңнан 25 есе артық және таң намазына түнгі періштелер мен күндізгі періштелер жиналады». Сосын Абу Хурайра (р.а.): «Қаласаңдар «Расында, таң намазына періштелер де қатысады»,- деген Исра сүресінің 78-аятын оқыңдар», - деді. (Имам Бухари, имам Муслим).

Бұл хадистерде таң намазын жамағатпен оқудың абзалдығы айтылып тұр.

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешіттің бас имамы

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика