Қарағанды 08:21 Күн
  • 06:51 Таң
  • 08:21 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:24 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Түйедей шайтан қалай түймедей болды?

Аңсарлар арасынан бір жігіт Құдайдан қатты қорқатын. Бара-бара үйінен де шыға алмайтын жағдайға жетті. Алла елшісі ﷺ ол туралы естігенде, іздеп үйіне барады. Босағадан енді кіре бергенде, жігіт ұшып тұрып, Пайғамбарымызды ﷺ қатты құшақтай алады. Сәлден кейін жұрт оның сылқ-сылқ етіп жылағанын көреді. Жігіт сол мезет жан тапсырған екен. Алла елшісі ﷺ көзіне жас алып, еріндері дір-дір етіп: «Құдайдан қатты қорыққаны соншалық – бұл жігіттің өті жарылып кетті. Нәпсімді уысында ұстаған Аллаға ант етейін, ол тозақтан құтылды», - деді.

Аллаға деген махаббат пен Алладан қорқу тақуалықтың белгісі. Тақуалықты арттыру үшін әрине иманды күшейту қажет. Иманды бекітудің бірден-бір жолы – ілімде жатыр. Адам білімін арттырып, мінезін көркем ете түскен сайын иманы күшейіп, Аллаға деген махаббаты да арта түспек.

Бір күні Әбу Ханифа таң намазынан кейін көптеген мәселелерге пәтуа береді. Көпшіліктің ішінде отырған біреу имамның бұнысын аса жақтырмай: «Уа, имам, таң мезгілінде одан да Алланы зікір еткеніміз дұрысырақ емес пе еді?», - дейді. Сонда имам оған: «Әр нәрсенің адал, арамын білдіруден артық іс бар ма? Жолға азық алмай шыққан адам қанша жүреді, әйтеуір бір ашықпай ма? Сондықтан құлшылық үшін де адам ілімін арттырып отыруы керек» - деп түсіндіреді. Сол себептен, тақуалықты арттыру үшін мол ілім-білім керек. Мешітке жиі келіп, имамдардың уағызын тыңдап, сол алған насихатқа амал ету игілікке алып барады. Үйде немесе мешітте намаз оқып, соңынан тішілік тауқыметімен кетіп, Алланы ұмытуға әсте болмайды. Нәпсі құлшылық етуге қайшы әрекеттермен адамды алдап-арбайды. Құранда: «Кімде-кім Раббының алдына баратындығынан қорқып, өзін нәпсіқұмарлықтан тежесе, баратын жері жұмақ болады» деген («Назият» сүресі, 40-41 аяттар).  Естіген уағыздарға амал ету үшін әрдайым Алланы еске алып жүру керек. Өзінен өсиет сұрап келген кісіге сахаба Әбу Дарда (р.а.) былай дейді: «Таршылықта көмектессін десең, басың ауырып, балтырың сыздамаған кеңшілікте Алланы еске алып жүр. Кез келген жақсылыққа қол жеткізгенде, оны саған Құдайдың нәсіп еткенін ұмытпа» деген. Яғни, Алланы жадыдан шығармай қуанышта шүкірлік етіп, қиыншылық келсе сабырлық таныту қажет. Алла Тағала «Шүкірлік етсеңдер арттыра беремін» деген. Барға қанағат етіп, әрдайым зікірде болу иманды күшейтеді. Хажжаждың ұлі Қайыс былай деп әңгімеледі: «Бірде шайтаным маған: «Сенің тәніңе кіргенімде түйедей ірі едім. Бара-бара түймедей болып кішірейіп кеттім», - деді. Мен оған: «Бұл қалай болды сонда?», - деп сұрадым. Ол: «Сен мені Алланы зікір етуіңмен бұрып барасың», - деп жауап қатты».

Алланы сүю жүректен шығады. Жүрегі таза адамға иман нұры қонып, тура жолға салады. Алланы сүйген құлына Алла Тағала мол мейірім мен шапағат береді. Тура жолды көрсетіп, тақуалығын арттыра түседі. Иманы кәміл емес адам өз кемшілігіне тура қарай білуі шарт. Қатесін түзеп, игі амалға әрекет етуі керек. Тасаууыф жолында үлкен із қалдырған ғұламалардың бірі Фұдайыл ибн Ияздың Али деген ұлы бар еді. Бір күні ғұлама ұлын құшағына алып, әр нәрсені әңгіме қылып отырғанда, әкесінің мойнынан құшақтаған баласы:

  • Әке, сіз мені жақсы көресіз бе? – дейді.
  • Әрине, балапаным. Сен менің көзімнің нұры емессің бе?!
  • Ал, Алланың жақсы көресіз бе?

Әкесінің жүрегі аттай тулап қоя береді:

  • Әрине, әрине.
  • Онда сіздің қанша жүрегіңіз бар, бір жүрекке екі нәрсе сыймайды ғой.

Ибн Ияз көзі жасқа толып, Алладан кешірім сұрай берді.

  • Мен бүгінге дейін ғапыл болып келіппін. Я, Жасаған Ием! Өзің кешіре гөр!» - деп кешірім сұраған екен.

Ибн Ияздай қателікті мойындап, шыншыл болған адамға Алланың нұры жауар. Сонымен, тақуалықты арттыру үшін ең алдымен Алладан қорқу қажет екен. Алған білімге амал ететін иман қажет. Иманды бекіту үшін әрдайым Алланы жүректе, санада, тілде ұстау керек. Яғни, жүрек Алла деп соғып, амалдарымыз қайырлы, тілімізден әдемі сөздер мен зікір айтылып тұрғаны абзал. Олай болса, барша мұсылманды осындай игі амалдар жасауға үгіттеймін. Тақуалықтарыңызды арттырыңыздар, құрметті мұсылман аға-інілер!

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика