Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Нанды бір қолмен үзу дұрыс па?
07 желтоқсан, 2020 жыл 1144 Басып шығару нұсқасы

Нанды бір қолмен үзбеу мәселесіне қатысты риуаят кездестірмедік. Бірақ, «нанды құрметтеңдер» деген Пайғамбарымыздың сахих хадисі бар[1].

 

Басқа бір риуаятта Алла елшісі (с.а.у.): «Нанды құрметтегенді Алла да құрметтейді» дейді[2].

 

Қазақ ұлтының да нанға деген құрметі ерекше. Нан қоқымын баспау, жерде жатқан нанды алып жоғарыға қою, нанның үстіне ештеме қоймау сияқты тәлім-тәрбиелер сол құрметтен туындаған дүниелер. Соның ішінде нанды бір қолмен үзбеу тыйымы да «нанға құрмет» түсінігінен бастау алады. Біздің әдет-ғұрыпта себепсіз нанды бір қолмен үзу кесірліктің, нанкөрліктің нышаны ретінде қарастырылады.

 

Тоқ етерін айтқанда, аталмыш тыйымды әдет-ғұрыпқа сүйенеді десек те, түбі жоғарыда келтірілген хадистер аясына кіргізуге болатындығы анық.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары