Қарағанды 08:21 Күн
  • 06:51 Таң
  • 08:21 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:24 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Біз пайғамбар мақтаған халықпыз

                       Біз пайғамбар мақтаған халықпыз

Алла Тағалаға шексіз мақтаулар, мадақтаулар болғай! Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілімен сәлем-салауаттары болсын) салауаттар мен сәлемдер болсын!

   Мұсылман емессің десе намыстанатын, әрбір дәстүрі мен әдетін ислам дінімен ұштастыратын қазақ жұртым. Қазіргі кезде мұсылмандылық деген сөзімізде ғана айтылып, ісімізге келгенде мүлдем керағар амалдар жасап жүргеніміз мені ғана емес, дінім деп жүрген адамдардың жүрегін қынжылтады. Біздің өзге дін өкілінен немесе дінсіз адамдардан ерекшелігіміз Алла Тағаланың бұйырған амалдарын бұлжытпай орындап, тыйған тыйымдардан аулақ болуымызда. Әйтпесе жоғарыда айтылған адамдармен пара-пар болып қаламыз. Біздің көпшілігіміз бұйырған да, тыйған да амалдарды орындамай мұсылманмын деп жүр. Міне, бүгінгі мұсылманның бейнесі осындай. Алла Тағала дінді адамзаттың игілігіне түсірген болатын. Жаттанды оқитын нәрсе емес, іс жүзінде атқарылу керек болған амалдардан тұратын шариғат заңы. Біз пайғамбар мақтаған халықпыз осыны әсте есімізден шығармағанымыз жөн.

    Мәшһүр Жүсіптің ел аузынан жинаған аңыз-әпсаналарында Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде түркінің 92 руының өкілдері ислам дінімен танысуға Мекке-Мәдинаға сапар шегіп, Мұхаммедпен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қауышты деп айтылғанмен, классикалық ислам тарихшылары Ибн Кәсир, ат-Табари, Ибнул-Асир, Ибн Халдун, Якут, Ибн Фадлан, әл-Идриси, әл-Балазури, Ибн Хажар, әл-Мухаддиси және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде түркі жұртының VIІ ғасырдың екінші жартысы мен VIII ғасырдың алғашқы жартысында Хақ дінді насихаттаушылармен (фатх жорығын жасаушылар) бетпе-бет келгендігі баяндалады. Дегенмен, Хақ Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түркілерге қатысты көптеген хадис-шарифтер айтқан еді. Олардың кейбріне тоқталар болсақ:

«Әбу Хурайра) былай деді: Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)айтты:«Сендер қысық көзді, қызыл шырайлы, таңқы мұрынды, бет-жүздері қабат-қабат тері қапталған қалқан тәрізді түріктермен соғыспайынша қиямет-қайым болмайды. Сондай-ақ, сендер аяқтарына жүннен киген бір қауыммен соғыспайынша қиямет болмайды» (Сахих әл-Бұхари).

«Мәртебесі биік Алла Тағала маған Иран мен Византияның алынатынын хабардар етті. Маған олардың әйелдері, балалары, құлдарын да берді. Себебі, қызыл шырайлылардың (түркілер) көмек беруімен мені құдіретті етеді» (Рашиб б. Са).

«Өлкені (дұшпандарға қарсы) қорғаудың күші онға бөлінеді: Оның тоғызы түркілерге, қалғаны өзге ұлттарға берілді. Сараңдық та онға бөлінеді: оның тоғызы парсыларға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, жомарттық та онға бөлінеді, оның тоғызы судандықтарға, қалғаны өзге адамдарға беріледі, ар-ұят та онға бөлінеді, оның тоғызы әйелдерге, қалғаны өзге адамдарға беріледі, көре алмаушылық та онға бөлінеді, оның тоғызы арабтарға, қалғаны өзге ұлттарға берілді, тәкәппарлықта онға бөлінеді, оның тоғызы римдіктеге, қалғаны өзге ұлттарға берілді» (ат-Табари).

«Түріктер сізге тисіпейінше байқаңыз сіздерде түркітерге тиіспеңіз. Өйткені, Алланың үмбетке берген бұл мүлкі (байлық) мен салтанатын алғаш болып Қантураұлдары тартып алады» (ат-Табарани).

«Жуық арада Қантураұлдары ирак тұрғындарын ирактан қуып шығады. Мен мұны өз көзіммен көрген секілді көрудемін. Олар қысық көзді, таңқы мұрынды, дөңгелек бет-пішінді адамдар» (Әбул-Камал.)

«Байқаңыз, хабашилер сізге тиіспейінше, сіздер оларға тиіспеңіздер. Сондай-ақ, түріктер де сіздерге тиіспейінше, сізер де түріктерге тиіспеңіздер» (ән-Нашаш).

«Түріктер сізге тиіспейінше сіздер де түркітерге тиіспеңіз. Өйткені, олар өте қатігез, қатал мінезді адамдар» (әл-Жубайни).

Аталған хадис-шарифтерге қарап Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түркілердің жауынгер халық екенінен хабардар болғанын байқауға болады. Ал, көрнекті ислам тарихшысы әл-Балазури «Әнсаф әл-Әшраф» атты еңбегінде (1 том, 160 бет) Аммар бин Ясирдің анасы Сумайианың шыққан тегі түркі болуы мүмкін екенін айтады. Демек, Хақ Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ислам тарихында алғашқы шахид болған осы қайсар анамыздың шыққан тегінен хабардар болған деп тұжырымдауымызға болады.

Сонымен қатар, тарихи деректерде мұсылмандар Мәдинадан 623 жылы Қайнуқа тайпасын сүргінге айдағанда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) олардан түркі-соғды сауытын олжалағандығы (Х.В. Хауссиг. Жібек жолы және Орталық Азияның мәдени тарихы. 212-213 бб), кейбір хадистерде Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен Айша анамыз (р.а) екеуінің түрік шатырында (киіз үй) тұрғандығы айтылады. Тіпті, Ибнул-Асирдің «Усдул-Габа» (IV том, 139-140 бб) атты шығармасында көрсетілген Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жазған хатты зерттеушілер ол хат түрік қағанына арнап жазылған деп біледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда, бұл мәліметтерден шығаратын ой-қорытынды – Хақ Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түркілердің жауынгер һәм алғыр халық екенінен хабардар болып, алдағы уақытта олардың күш-қуатымен ислам діні мәртебесінің асқақтайтынына көз жеткізгенін аңғарамыз. Қорыта келген де Алла Тағалаға лайықты пенде, Пайғамбарымызға ( оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) лайықты үммет болуымызды нәсіп байласын, және соған лайықты түрде игі, ізгі амалдармен шұғыл болып қазақи саналыққа салт-дәстүрімізге дақ түсіріп алмайық құрметті ағайын!!!

 

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика