Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әлемді түзеткің келсе...
26 маусым, 2014 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Әлемді түзеткің келсе... Болат жұмысқа толы бір аптаның соныңда, жексенбі күні ештеңе істемей үйде демалғысы келді. Бөлмесіндегі жайлы бір диванға отырып, қолына газет алғаны сол еді, кішкентай баласы “Әке, киноға қашан барамыз” – деп, қасына жүгіріп келді.


Расында да жексенбі күні киноға барамыз деп сөз бергені есіне түсті. Бірақ бүгін ешқандай да киноға барғысы жоқ еді. Олай болса, бармау үшін тездетіп бір себеп ойлап табу керек болды. Газеттердің қасында жатқан жиһан картасына көзі түсті. Картаны қолға алып, оны кішкентай бөлшектерге бөлді. Баласына жұмыс тапқанына қуанып: “Осы картаны қайта жинай алсаң – барамыз” деді. Білдей география мұғалімінің да қолынан келе бермейтін бұл іспен баласы кеш уақытқа дейін айналысатынына сенімді еді.


Алайда… баласы он минут болмай “Әке, кетейік. Картаны жинадым” -деп қасына қайта келгенде, естігеніне сенбей қарады. Расында да, картаның арбір бөлігін орын орнына қойып, дұрыс жинай алыпты. “Қалай жасай алдың мұны?”-деп таң қалып сұрады Болат. “Өте оңай. Қараңыз, картаның артында бір адам бар. Мен тек қана сол адамды жөңдедім. Адам жөңделінген кезде, жиһан да түзелген болды!”


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары