Қарағанды 08:21 Күн
  • 06:51 Таң
  • 08:21 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 15:38 Екінті
  • 17:24 Шам
  • 18:54 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Келіннің қайын ата тегін алуы дұрыс па?

Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті.

Иә, осындай тапқырлығымен ел есінде қалып, аты аңыз болған келіндер баршылық. Қазақы салт-дәстүрді ұстанып, барған жерінің адамдарына аса бір ізеттілік, сыпайылық құрмет көрсетіп, атын атамауды тәрбиенің тетігі етіп көрсетіп тұрғандай.

 Дәстүрден аттау әбестік емес пе?

Ал бүгінде біз отбасын құрған сәтте кеңестік идеологияның құрбаны болып жүргенімізді білеміз бе? Ұрпақтар арасына жік түсіруді ойлаған кеңестік саясат баланы әкеге, қызды анаға, келінді қайын жұртқа қарсы қою арқылы өз идеологиясының жеңіске жетіп, ұлтты құрдымға кетіретінін жақсы түсінді. Көшпенді қазақты отаршылдыққа үйретіп, аты-жөнін жазып, қолына төлқұжат ұстатқан сәттен-ақ, қазақы аты-жөнді бұрмалап жазу былай тұрсын, некелі әйеліне ерінің немесе қайын атасының тегіне жазу біздің ұстанып отырған салт-санамызға сыналай енгізілген құрт еді. Әрине, келіндерін некелескен сәттен бастап, күйеуінің тегіне жаздырту Еуропа халықтарында орын алған жағдай екенін бәрі біледі. Қазақты орыстандыру саясаты негізінде осындай жағдай орын алып келді. Демек, кеңестік саясаттың жұрнағы отбасылар арасында әлі де бар. Ал отбасының шағын мемлекет екенін ескерсек, салт дәстүрімізге сырттан төнген қауіп әлі де сейілген жоқ. Қазақта босағаға келін болып түскен әйел заты сол отбасы мүшелерінің ешқайсысын өз атымен атамаған. Қайын аға, қайын апа, қайын сіңлі, қайын інісіне де өзінше есім ойлап тапқан. Ал атасының тегіне көшкенде оның не арғы атасын бақырайтып айтып, дәстүрден аттау әдепсіздік әрі әбестік болмай ма? Заң не дейді, ал шариғат рұқсат бере ме?  

Заң не дейді?

Қазіргі күннің өзінде заңды неке қию рәсімінде қалыңдыққа «Күйеуіңіздің тегін қабылдайсыз ба?» деген сұрақ міндетті түрде қойылады. Тіпті, кейбір жігіттер үйленбес бұрын қалыңдығын өз тегіне өтуге үгіттейді.

Айзат Мұсағұлова, заңгер:

 - «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 31-бабында ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы анық көрсетілген. Яғни, неке қиып, ерлі-зайыпты болу кезiнде олар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті. Айта кетерлігі, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды. Ал заңды неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.

Демек, жігіттердің болашақ келіншектерін өз тегіне өткізуі үшін үгіттеуі дұрыс емес. Бұл қалыңдықтың Қазақстан азаматы ретіндегі құқығы, таңдауы болып есептеледі. 

Шариғат рұқсат бере ме?

Негізі, заңды некеге тұрып жатқан ерлі-зайыптылардың арасындағы бұл мәселе бір қарағанда жай ғана нәрсе болып көрінгенмен, өте күрделі құбылыс. Менің ойымша, шыққан тегіңді өзгерту – шежірені бұзумен тең деп ойлаймын. Әрине, әйел адам шежіреге енбейді, бірақ оны өмірге әкелген ата-бабасының есімін мәңгі ұлықтап өтуге жарамауы үлкен қателік секілді. Арагідік құрбыларым да бар, күйеуінің фамилиясына ауысып алған. Мұндай «салт» абыройы биік, ауқатты отбасыларында жиі кездеседі. Сол әулетке келін боп түскен келіншек те отбасының абыройы мен байлығына, беделіне ортақтасу мақсатында шыққан тегін өзгертетіні кімге болса да айқын. Кей келіншектер жолдасының фамилиясына көшпегендерді уақытша тұрмысқа шыққандар деп есептейді. Әрине, олар айтқанда расымен де отбасылық өміріңіз уақытша болып қалмайды. Ол әркімнің өз құқығындағы мәселе. Ал шариғатқа сүйенер болсақ, әйел кісі өз тегін жарының тегіне ауыстырмауына құқылы. Ер кісі де оны міндеттеуі дұрыс емес.

Ал, «ауыстырған жағдайда шариғатқа теріс пе?» деген мәселе төңірегінде мамандардың пікірі екіге айрылып отыр. Бірінші пікірдегілер: «Әйел кісі өз ерінің тегін алуы күнә. Өйткені, өзін өзгенің ұрпағынан санауды тыйған хадистерді тікелей түсінетін болсақ, қазіргі таңдағы әйелдің ерінің тегіне ауысуы да күнә. Пайғамбарымыз (с.а.у.) асыл сөзінің бірінде: «Кімде кім өзін өз әкесіне емес, өзгеге қатысты етсе ... Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағнеті соған болсын», – деген. Осы хадис ерінің тегіне ауыстырудың да дұрыс емес екендігін анық ұқтырып тұрғандай. Сондай-ақ, бұл нәрсе мұсылман қоғамына жат өзге діндегілердің үрдісі», – деп отыр. Екінші жақтың пікірі бойынша, бұл нәрсе әйелді таныту мақсатында жасалады. Өзін ерінің тегімен атау кей елдерде танымалдылық үшін айтылып жататыны анық. Бұл «Пәленше әйел түгенше отбасыға келін боп барды», – деп айтқанымыз сияқты. Мәселен, Құран аяттарындағы«Нұхтың әйелі және Луттың әйелі... Перғауынның әйелі...» деген сияқты. Бұл жерде әйелдерді күйеулерінің атымен танытып тұр. Тағы бір мысал, Бухариден келген бір хадисте: «Мәсғутұлының әйелі Зәйнәб (р.а.) Пайғамбарымызға кіруге рұқсат сұрайды. Сахабалар: Уа Алланың Елшісі! Зәйнәп кіруге рұқсат сұрап тұр!», – дейді. Ол (с.а.у): «Қай Зәйнәб?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Мәсғутұлының әйелі», – дейді. Алланың елшісі кіруге рұқсат береді. Осы хадисте әйелді таныту үшін өз ерінің, яғни сахаба Абдулланың тегімен атап тұр. Қазіргі таңдағы өз ерінің тегімен жазылу үлгісі де таныту мақсатында жасалатындықтан шариғатқа теріс емес. Ал шариғат өз әкесінің емес, түгеншенің қызы не ұлы деуге тыйым салады. Екі пікірді ұштастыра отырып ұғатынымыз, әйел кісі өз ерінің тегін алуға міндетті емес, күйеуі де оны мәжбүрлей алмайды. 

baq.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика