Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Балаңыздың бойы ұзын болғанын қалайсыз ба?
16 қараша, 2017 жыл 1069 Басып шығару нұсқасы

«Ұқсамасаң тумағыр» деп қазақ бекер айтпаса керек-ті. Әрине, әр баланың тұқымына тартары анық, десе де, ол өз алдына. Бала бойының өсуінде өзін – өзі дамытудың алар орны ерек.

Яғни, дұрыс тамақтанумен қатар спортпен айналысу.

Ол үшін «А» дәрумені бар тағамдарды көп жеген жөн. Бұл дәрумен бауырда, сүтте, жұмыртқаның сарысында, сондай ақ, сары, қызыл көкөністерде, сәбізде, қызанақта, асқабақта болады. бой өсіруге арналған дәруменге бай балықты да жиі жеп тұруды ұмытпау керек. Сүйектің қатаюын қамтамасыз етіп, бойдың өсуіне ықпалын тигізер кальцийдің пайдасы мол. Ол қызылша, бұршақ қосылған тамақтарда, сүтте болады. Баланы кішкентайынан дұрыс тамақтандыра білген дұрыс. Бұл үрдісті ананың құрсағында жатқанда да қолданған артық етпейді. Ана тұтынған азық- түлігінің алар орны зор деседі ғалымдар. Исландия, Дания және Америка ғалымдары ана жатырындағы тұқымның түзілуіне әсер ететін әртүрлі тағамдарға зерттеу жүргізеді де, сүттің  ерекшелігін анықтайды. Бұл тағамды тұрақты түрде пайдаланған ананың сәбиі сау әрі бойы ұзын болады дегенді алға тартады. Ал жүкті әйелдерге күніне 150 мл сүт ішуге кеңес береді.

Ал буынның созылып, бойдың ұзаруында спорттың пайдасы зор бой өсуінде өз септігін тигізсе керек. Сондықтан, баланың кішкентайынан спортпен айналысуын қадағалаңыз. Өйткені, қандай жағдай болмасын, 1 %  қанға тартса, 99 %  еңбекпен келетінін ұмытпағаныңыз жөн, деп жазады anabol.kz сайты.

stan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары