Қарағанды 13:07 Бесін
  • 07:18 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Мәуліт мүбарак болсын!

Биссмиллаhирраhманирраhим! Биыл 2017 жылдың соңында құрметті мерекеміздің бірі «Мәулітке» амандықпен жетіп отырғанымызға бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға сансыз шүкірлік!

Мерейлі «Мәуліт» мерекесі қараша айының 29-нан 30-на қараған түні кіреді. Исі мұсылман жұрағаты Алла Елшісінің (ﷺ) туылған күніне орай əрбір жылы рабиғул-аууали айының 12-жұлдызы күні мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі.  Асыл Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ)   рабиғул-аууали айында дүниеге келген. Мәуліт мерекесінде жер-жерлердегі мешіттерде Құран оқылып, көптеген уағыздар айтылып, салауаттар оқылады. Мәулітті тойлату турасында атақты ғұламалар көптеген пікірлер қалдырған. Көпшілікке танымал, беделді ғұлама Имам Суютый: «Менің пікірімше, адамдардың мәуліттің құрметіне жиналып Құран оқуы, Мұхаммедтің (ﷺ) пайғамбарлығы, дүниеге келуі турасында әңгіме етуі, ысырапкершіліктен сақтанып ас ұсынуы Алла елшісіне (ﷺ) деген құрмет ретінде жасалған игі әрі сауапты іс және қуаныш», – деген. Әбу Шама бұл мейрамға анықтама беріп: «Біздің дәуіріміздегі жақсы амалдың бірі – мәулітті садақа берумен, уағыз айтумен және өзара жайдары болумен өткізу. Осының бәрі Пайғамбарымызға (ﷺ) деген сүйіспеншілік пен құрметтің әрі Алла Тағалаға болған шүкіршіліктің белгісі» деген.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер» - деп айтқан («Ахзаб» сүресі, 56-аят). Пайғамбарға ﷺ, яғни «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деп салауат айту үлкен жақсылық, қайыры бар іс. Алла елшісінің (ﷺ) шапағатына бөлену үшін, пайғамбарымыздың (ﷺ) есімі аталған жерде міндетті түрде салауат айтқан абзал. Бізге жеткен хадистер бойынша бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) қызы Фатимаға (р.а.): «Адамдардың ішіндегі ең сараңы кім деп ойлайсың?» – дейді. Фатима (р.а.) анамыз: «Алла берген дәулеттен садақа бермейтін адам»,– деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жоқ, менің атым аталған жерде маған салауат айтпағандар ең сараңдар!» – дейді. Сондықтан, Пайғамбарымыздың (ﷺ) Мұхаммед, Мұстафа, Ахмад деген есімдері аталған уақытта «Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм» немесе өз тілімізде «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деп салауат айту – әрбір мұсылманның міндеті болып қала бермек. Сол үшін «Уа, Мұхаммед! Саған сансыз салауат болсын!» деп Пайғамбарымыздың (ﷺ) туылған күнін еске алып, ол күндері салауат айтсақ, әрине сауапқа кенелеміз.

Барша мұсылманның сүйіктісі болған Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Құран оқып, Алла елшісінің (ﷺ) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол. Мәуліт мерекесі кіргенде ғибадаттарымыз арттырып, Алланың разылығына бөленуге мүмкіндік зор.

Алла тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай бірлік берсін! Екі дүниеде де жүзімізді жарқын, дұғамызды қабыл қылғай!

 

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

Балқаш қалалық орталық мешіттің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    22 қараша 2017 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика