Қарағанды 13:07 Бесін
  • 07:18 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

АДАМ ЕСІМІНІҢ ТАҒДЫРҒА ӘСЕР ЕТЕТІНІ РАС ПА?

Ресми статистика бір есімді иеленген адамдардың мінезі мен өмір сүру салты, кейде сырт келбеттері ұқсас болып келетінін дәлелдеген. Осы статистикалық мәліметтерді ескеріп, адамның есімі тағдырына әсер етеді деп сенімді түрде айта аламыз ба? Бұл сұраққа біржақты жауап беру мүмкін емес. Мұны Вaq.kz тілшісіне сұхбат берген әлем ғалымдары да растап отыр.

 

Мамандардың айтуынша, адам өзінің есімін алғаш естігеннен кейін бейсаналы деңгейде “МЕНІН” қалыптастыра бастайды. Бірінші кезекте, есімдегі дыбыстардың өзара үйлесімді естілуі маңызды. Осы дыбыстар адамға жағымды немесе жағымсыз әсер сыйлайды. Ол әсерлер – мақтаныш, құрмет, бақыт және ұят болуы мүмкін. Есімін ұнататын жандар, оны ерекше мақтанышпен айтады. Ал есімін өзіне лайық көрмейтін адамдар, өзгелерге қызғанышпен қарайды. Тіпті, таныстық кезінде лақап есімдерін айтулары да ғажап емес.

 

Әрбір жаңа туған сәбиге адамзат тағдырында кездеспеген есімді беру қиын. Яғни сәбиге көбінесе ұжымдық бейсанада бар есім беріледі. Ал сол ұжымдық бейсанадағы есім - тарихтағы танымал тұлға немесе туыстар мен достар арасындағы беделді адам. Ресей мен Еуропа елдерінде үлкен әулетте бір патшаның есімі бірнеше рет қайталанып қойылуы мүмкін. Қазақ қоғамында мұндай үрдіс сирек кездеседі. Десе де, жоқ емес. Мысалы, Әбілмансұр хан арғы атасы қанішер Абылайдың атын жекпе-жекте ұран еткен соң-ақ осы атпен тарихта қалды.

 

Бастапқыда ата-бабаларымыздың есімі тікелей табиғатпен және табиғатта болып жатқан құбылыстармен байланысты болған. Уақыт өте келе есімдер де, олардың білдіретін мағыналары да өзгере бастады. Десе де, әр есімнің астарында ертеректен бері сақталып келе жатқан мағынасы бар. Франциялық Юнг бағытындағы психоаналитик, группаналитик, супервизор, Phd доктор Норберт Шатильон есімнің мағынасына аса мән бермейтінін айтады. Яғни есімнің тағдырына қалай әсер ететіні тек сол адамның сеніміне байланысты.

 

«Өзің тыныс-тіршілігін толық танып білмеген халықтың сана-сезіміне, салт-дәстүріне қатысты пікір білдіру өте қиын. Әрине, психоаналитик мамандарға ортақ белгілі бір заңдылықтар бар. Мысалы, біз шындық қандай болса да, оған тура қарауға дағдыланғанбыз. Яғни ол жерде дінге, салт-дәстүрге, ырым-тыйымдарға орын жоқ. Меніңше, есім адам тағдырына тек бір жағдайда әсер етеді. Қазақстанда тұрақтап қалмасам да, көп жылдан бері арасында барып тұрамын. Қос елдің мәдени өзгешіліктерін де байқап жүрмін. Айтайын дегенім, егер сіздер есімнің адам тағдырына әсері бар екеніне сенсеңіздер, расымен де, солай болып шығады. Мұны құдіретті күш деп түсінудің қажеті жоқ. Бар болғаны, мұнда адам ойының күші басым болып тұр», - дейді маман.

 

Психоаналитик Норберт Шатильон айтып отырған “ойдың күші” ұғымын алғышқылардың бірі болып нейрофизиолог Джо Диспенза мен танымал канадалық жазушы, филантроп Джон Кехо ғылыми айналымға енгізген. Алғашқысы мидың шынайы өмір мен ойдағы қиялды өзара ажырата алмайтынын дәлелдеген: Нейрофизиолог (Джо Диспенза) маман өзін көлік қағып кеткеннен кейін төсек тартып жатып қалады. Дәрігерлер алдағы уақытта оның тек импланттардың көмегімен қозғала алатынын айтады. Десе де, маман күрделі оталардан бас тартып, өзін небәрі 9 айда “ойдың құдіретімен” емдеп жазады. Бүгінде Диспензаның ойдың құдіретіне қатысты бірнеше еңбегі бар. Яғни Норберт Шатильон мырзаның айтуынша, дәл осы ойдың құдіреті арқылы өзімізді қалаған “шындыққа” сендіре аламыз.

 

Франциялық маманның пікірін италиялық әріптесі де қоштап отыр. Халықаралық психоаналитиктер ассоциациясының мүшесі, Phd доктор, италиялық психоаналитик Мануэл Мартинез де есімнің адам тағдырына тек бір жағдайда әсер ететінін айтады.

 

“Қазақтар мен италиялықтардың кей салт-дәстүрінде ұқсастық барын байқап жүрмін. (Күлді.) Мысалы, менің әкем де анамды алып қашып үйленген болатын. Сіздердің қыз алып қашу дәстүрлеріңіз осы оқиғаны еске түсіріп отыр. Өкінішке орай, мұндай дәстүрдің кемші тұстары да бар екен. Қызды өз еркінен тыс алып қашқан адамдарды хайуанға теңер едім. Ал есім мәселесіне келетін болсақ, меніңше, ол адам тағдырына мүлдем әсер етпейді. Бірақ, бір тайпадағы, қауымдастықтағы немесе мемлекеттегі тұрғындар есімнің адам тағдырына әсер ететініне кәміл сенетін болса, бұл пікірді қуаттайтын факторлар міндетті түрде табылады. Яғни адам ойының күші ерекше құдіретке ие. Бұл ғылыммен дәлелденген”, - дейді маман.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өзінің «Дін мен дәстүр» кітабының екінші томында «Азан шақырып ат қоюдың маңызы қандай?», «Туған сәбиге қашан ат қойылады?», «Нәрестеге ат қоюға кім құқылы?» сынды сауалдарға жауап береді. Яғни Бас мүфтидің пікірінше, керісінше есімнің адам тағдырына тікелей әсері бар. Сол себепті, сәбиге есім қояр кезде мұқият болу керек.

 

Ержан қажы Малғажыұлы аталған кітабында шариғат тұрғысынан тыйым салынған есімдерді атап көрсетіп, себебін жазып өткен. Олар төмендегідей:

 

а) «Құл» деген мағынаны білдіретін «абдун» сөзін Алла Тағаланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға тіркеуге болмайды. Мысалы, Абдулузза – «Уззаның құлы», Абдулқағба – «Қағбаның құлы» деген сияқты есімдер.

 

ә) Алла Тағаланың көркем есімдерін сол күйінде балаға есім етіп беруге болмайды. Мысалы, Алла, Рах-ман, Халиқ, Ахад, Разиқ, Бәрии, Раббы деген сияқты.

 

б) Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің көсемдері мен т.б. халық арасында жаман жағынан танылған кісілердің аттарын қою да мұсылман баласы үшін дұрыс емес. Мысалы, Ібіліс, Ифрит, Перғауын, Һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Хосрау, Цезарь, Ленин, Сталин, Энгельс, Маркс, Тельман, Дарвин, Коммуна, Партия т.б.

 

в) Сонымен қатар «Патшалардың патшасы», «Әкімдердің әкімі», «Сұлтандардың сұлтаны» деген мағыналарды білдіретін есімдер.

 

Сахаба Әбу Һурайра-дан жеткен риуаятта Пайғамбар (оған Алланың салау-аты мен сәлемі болсын): «Алланың алдында есімдердің ең нашары – «Патшалардың патшасы», – деген.

 

Украиналық психоаналитик, клиникалық психология маманы Наталья Трутенко сәбиге қойылған есімнен бұрын, ата-анасының тәрбиесі көбірек әсер ететінін айтады. Осы тұста маман франциялық әріптестерінің пікірін мысалға келтірді.

 

«Франция психоаналитиктерінің айтуынша, жұптар бейсаналы деңгейде болашақ сәбилерінің образын алдын ала ойластырып қояды. Әсіресе, әйел қауымы жатырындағы сәбидің болашағын көз алдына көбірек елестетеді. Тіпті, ата-аналардың сәбилеріне берген есімдеріне қарап, олардың перзенттеріне қандай үміт артқандарын білуге болады. Мұның барлығы балаға әсер етпей қоймайды. Себебі, бала «губка» секілді ата-анасының айтқандарын саналы және бейсаналы деңгейде өзіне сіңіріп отырады. Балада сыни көзқарас бірден дамымайтындықтан, көпке дейін ата-анасының орынсыз қалауларына қарсы шыға алмайды. Мысалы, мінезіне лайық есім қойылмаса, бала құрдастарынан өзін кем санайды. Ата-анасы баласын бар қалпында қабылдаған кезде ғана кейінгілер сезімдерін еркін көрсетіп, мүмкіндіктерді пайдаланып, бақытты болады. Яғни есімде тұрған ешнәрсе жоқ. Бастысы - ата-анасының баласына деген қарым-қатынасы», - дейді маман.

 

Бұдан өзге «есімнің адам тағдырына тікелей әсері бар» деген пікірді қоштап жүрген ғылым – нумерология. Numeroscop.ru сайтынан алынған мәліметтерге сүйенсек, адам есімі арқылы оның мінез-құлық, туабіткен қасиеттер, энергетика мен темпераменті туралы ақпараттар алуға болады.

 

Ал Сіз, құрметті оқырман, есімнің адам тағдырына әсер ететініне сенесіз бе?\

 

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    22 қараша 2017 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика