Қарағанды 13:07 Бесін
  • 07:18 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

мына туыс әйелдер неге харам?

Ер азаматтың үйленуіне тыйым салынған, ол үшін үйлену тұрғысынан мәңгілікке харам саналатын әйелдер қан жағынан, сүт ему жолымен және отау құру себебімен үшке бөлінеді. Бұл Құранда былай айтылған:

«Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, әпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып қойған әйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді. Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен әйелдеріңнің қыздарына үйленсеңдер күнә болмайды. Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену, һәм апалы-сіңілі екі қызды бірдей әйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дәуірінде) болған іс болды. Расында, Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді»[1].

Енді осы аятта айтылғандарды жеке-жеке қарастырайық:

а. Қан жолымен харам болғандар

Аналары: өзінің туған анасы, әжелері.

Қыздары: туған қыздары, немерелері, шөберелері.

Бауырлары: туған бауырлары, бір әкеден немесе бір анадан туған бауырлары.

Әке жағынан әпке-қарындастары: әкесінің немесе атасының туған әпкелері мен қарындастары.

Нағашы әпке-қарындастары: анасының немесе әжелерінің қыз бауырлары.

Бауырларының қыздары: өзінің туған бауырларының қыздары.

ә. Сүт ему жолымен харам болғандар

Ер жігіт сүт анасымен және оның қыздарымен үйлене алмайды. Сондай-ақ қыз балаға да сүт анасының ұлымен тұрмыс құруына рұқсат жоқ. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жайында былай деген:

«Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады»[2]. Яғни кісіге немере қызымен, әпкесімен, нағашы әпкесімен, бауырларының қыздарымен үйленуінің харам болғаны сияқты сүт бауырларымен, сүт әке-шешесінің бауырларымен, сүт бауырларының балаларымен үйлену де харам саналады. Сүт ему жолымен харам болу үкімі нақтылануы үшін сүт емудің сәби шақта іске асуы керек. Имам Ағзамның көзқарасы бойынша, сүт еметін сәби шақ екі жарым жыл деп есептеледі. Сүт бала болу үшін осы уақыт аралығында бір мәрте болса да тойып ему жеткілікті. Яғни сәби екі жарым жасына дейін ең азы бір мәрте басқа ананың сүтін тойып емсе, сол ана мен оның күйеуі сәбидің сүт әке-шешесі саналып, олардың балалары мен бауырлары сәбидің сүт бауырлары санатына енеді.

б. Отау құру нәтижесінде пайда болған харамдық

1. Қайын аналар: ер азамат қайын аналары, қайын әжелеріне үйлене алмайды.

2. Өгей қыздары: әйелінің бұрынғы күйеуінен тапқан қыздарымен де үйленуіне тыйым салынған. (Ер кісі мен әйелдің некесі қиылған, бірақ төсек қатынасы болмай тұрып ажырасып кетсе, онда өгей қызына үйленуіне рұқсат)+

3. Келіндер: ұлдары мен немерелерінің әйелдеріне үйленуге болмайды.

4. Өгей аналары: өгей аналарымен де мәңгілікке үйленуге болмайды.

Міне, осы жоғарыдағы топтарда айтылғандар мәңгілікке бір-біріне үйленбеуіне шешім шығарылғандар.


[1] «Ниса» сүресі, 23-аят

[2] Бұхари, Шәһәдәт, 7

Шәмшат Әділбаева
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    22 қараша 2017 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика