Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кешіру де зор сауап
01 қыркүйек, 2014 жыл 181 Басып шығару нұсқасы

Кешіру де зор сауап Кешіру де зор сауап Сахабалардан Әнас (р.а.) әңгімелеуде: Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге отырғанбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай түсіндірді: – О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Аллаһ тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін көрсетіп: – Уа, Раббым, менің мына пәленшеде кезінде ақым кеткен, сол ақымды алып бер, – деп өтінеді. Аллаһ тағала: – Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар, – дейді. Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген екіншісі: – Я, Аллаһ тағала! Менің сауаптарымнан ештеңе қалмады ғой? – дегенде, Аллаһ тағала бірінші адамға: – Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, бұған не дейсің? – деп сұрайды. Сонда бірінші адам: – Олай болса менің күнәларымнан өзіне алсын, – дейді. Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса бір зор күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де сөзін ары қарай жалғастырды: Сол кезде Аллаһ тағала ақысы кеткен адамға: – Басыңды көтер де Жұмаққа қара! – деп дауыстайды. Сонда бірінші кісі: – Я, Аллаһ тағала! Алтынмен апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие? – деп сұрайды. Аллаһ тағала: – Бұлар маған өтемін төлегендер үшін, – деп жауап береді. – Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді? – деп сұрайды адам. – Қаласаң бұған сен де ие бола аласың, – деп жауап береді Аллаһ тағала. – Қалайша? – деп таңырқағанда, Аллаһ тағала: – Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына жолдасыңды кешірер болсаң, – деп жауап береді. – Олай болса мен оны кешірдім, – деп жауап береді әуелгісі. – Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа барыңдар! – деп бұйырады Аллаһ тағала. Сөйтті де Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) : «Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!», – деді.


Дереккөзі: «Тағылым тамшылары»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары