Қарағанды 13:07 Бесін
  • 07:18 Таң
  • 08:53 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Осы сәтте күйеуіңе мына сиқырлы сөзді айт... Нәтижесін көресің!

Мұсылман әйел күйеуінің ашу-ызасын тудыратын әрекеттерді жасамауы тиіс. Күйеуін ашуландырған әйел екеуінің араларындағы көңілді суытқаннан басқа пайда таппайды. Керісінше өзінің абыройынан айырылады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні сахабаларына жәннаттық әйелдерді былай суреттеген екен: «Күйеуін өте жақсы көретін, көп бала туатын әйел. Ол күйеуін ренжітіп алғанда немесе күйеуі тарапынан қиянат көргенде, не болмаса күйеуінің қабағы түйілгенін көргенде былай дейді: «Міне, қолымды ұсынамын. Сен риза болғанға дейін жаным жай таппайды».

Хадисте отағасы мінезінің бұзылуының үш себебі айтылады: 1. Күйеуін әйелдің өзі ашуландыруы мүмкін; 2. Күйеуі оны орынсыз сөгуі мүмкін; 3. Күйеуінің басқа бір нәрсеге көңілі бұзылуы мүмкін. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы үш жағдайда да әйелдің мейіріммен, жұмсақтықпен күйеуінің астан-кестең көңілін орнына түсіру керектігін ескертеді. Егер бірінші себепте айтылғандай, әйелі еріне жөнсіз соқтыққан болса, онда әйел өзінің қателігін мойындап, күйеуінен кешірім сұрағаны абзал. Ал екінші себепте айтылғандай ер кісі жоқ жерден ұрыс шығарып, әйелін жөнсіз кінәласа, бұл жағдайда да бірден күйеуімен айтыса кетпеуі керек. Ашулы кезде күйеуіне өзінің дұрыстығын дәлелдеуге тырыспағаны жөн. Жағдай ушығып кетуі әбден мүмкін. Мұндайда әйел сабыр сақтап, істің тігісін жатыстырып, Жоғарыда айтылғандай, оның дөң айбатын жылы сөздермен басқаны дұрыс. Күйеуі сабырға келген соң істің дұрыс-бұрысын талқылауға болады. Ал үшінші жағдайдағыдай күйеуі сырттан қаһарлы кейіппен оралса, ондай жағдайда да әйелі жылы-жылы сөйлеп, күйеуінің көңілін көтеруге тырысуы керек. Жоғарыда Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқанындай «Міне, қолымды берейін, сен риза болғанға дейін жаным жай таппайды» деген секілді сиқырлы сөзді де қолдануға болады. Себебі, Алланың сүйікті елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кез-келген сөзді бостан-босқа айтпасы анық. Осы тектес көңілге ерекше әсер ететін сөздердің ерлі-зайыптылар үшін пайдасы орасан.

muslim.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    22 қараша 2017 жыл Мәуліт мүбарак болсын!
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика