Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақылдың сыйлығы
23 қыркүйек, 2014 жыл 123 Басып шығару нұсқасы
AHbH24W0-WMБір кісі ауылына келіп, бала кездегі жолдасымен кездеседі.

Досына:

* Үйге жүр, балашағамды көресетейін, - дейді.

Үйіне апарып, қонақ бөлмеге жайғастырып, әйеліне дұрыстап күтуді бұйырады. Әйелі оны бұрыннан білетіндей емен-жарқын күйде жақсылап күтеді. Риза болған қонақ досының әйеліне ғашық болып қалады. Қайтқысы келмей, бұл үйде біраз күн қалып қояды. Ақыры сырын ашып, әйелді ұнатып қалғанын айтады.

Күйеуі жоспар құрады да, досына:

* Мен бес-алты күнге жол жүргелі тұрмын. Мен келгенше үйге қара, бас-көз бол,-дейді.

Бұған досы қуанып кетеді. Үй иесі үйден шығысымен келіншекке келеді.

Келіншек:

* Бүгін бес уақыт намазымды оқиын. Ертең намаздыгерде дайын боламын. Бірақ бір шартым бар. Осы намаздарды сен де асықпай оқисың, - деп талап қояды.

Сөйтіп әлгі кісі намаз оқуға кіріседі. Ертегі күні намаздыгерде оған ой түседі:

* Досым маған әйелін тапсырып кетті. Ал мен сорлы өз досымның әйеліне қиянат істемекпін бе? –деп үйден қашып кетеді.

Сайтқа дайындаған: М.Қуандыққызы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары