Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Парацетамолдан сақтан!
12 ақпан, 2018 жыл 1279 Басып шығару нұсқасы

Парацетамол жыныс гормонына теріс әсер етіп, ұрықтың дамуын тежеп, бедеулікті арттырады. Мұндай тұжырымды Сан-Диегодағы «Адамның ұзақ өмір сүруі» ұйымының ғалымдары жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Зерттеуге 18 жастан асқан 455 адам қатысты. Бұдан басқа, талдауда 1880 еуропалық егіздердің және 1235 африка-америкалық және испандық адамдардың сауалнамасының деректері қамтылған. Ғалымдар метаболизм үшін маңызды, концентрациядағы 700 байланыстың өзгерістерін анықтаған.

Зерттеуге қатысқан еріктілердің барлық топтарында парацетамолды қолданумен байланысты невростироидалық жыныстық гормондардың сарқылуы байқалды. Бұл әсер гормональды деңгейде 35 жыл бойы организмнің қартаюына, сонымен қатар плаценттік дисфункцияға және ұрпақты болу қабілетінің бұзылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл жүйке жүйесінің ауруларына әкеліп, эмбриондардағы жүктіліктің бұзылу қаупін арттырады.

Нейростероидтық жыныстық гормондар мидағы, бүйрек үсті бездері мен гонадта жасалады.

Естеріңізге сала кетсек, бұрын ғалымдар жүктілік кезінде депарацетамолдың зиян екенін анықтаған болатын.

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары