Қазақ халқы ежелден шаштың арасында пайда болған ақ шашты жұлуды дұрыс көрмеген. Бұл жайында Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Хазіреті Пайғамбар мұрт, сақал және шаштағы ақ қылдарды жұлуға тыйым салды», − делінген (Муснәд, VI, 20-б.).
Қайтыс болған адамдардың жамандықтарын сөз етпеу жайы. Бұл мәселеде ардақты Елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өлген адамдарыңыздың жақсылықтарын еске алыңыздар, жамандықтарын айтудан қашыңыздар», − деп тыйым салған (Әбу Дәуд, Әдеп, 50.)
Қолды жерге тіреп отырмау, таянбау. Сахаба Шәрид ибн Сууәйд: «Мен сол қолымды арқа жағыма алып, алақаныммен жерге тіреп отырған кезімде Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаныма келіп: «Алла Тағаланың лағнетіне ұшырағандардың (яһудилердің) отырысындай етіп отырсың ба?», − дегені бар. (Әбу Дәуд, Әдеп, 22.). Сондықтан үлкендеріміз жастарға үнемі «жерді таянба» – деп ескерту жасап отырған.
Пікірлер