Қарағанды 07:17 Таң
  • 07:17 Таң
  • 08:51 Күн
  • 13:07 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Кешігіп келген құлшылық

   Ең мейірімді, барлық мақтау мадақ лайық бір Алланың атымен бастаймын.

  • Ойбай, балам, бері кел, сұмдық,-деп көрші жаққа кеткен Қамбүбі жүгіріп келіп үйінің есік алдында тұр. Іштен анасының айғайына шошып шыққан баласы бүгіліп, екі қолын тізесіне қойып, аһілеп-үһілеп тұрған анасын байқады:
  • Пәлі, Әділбек, әлгі, әлгі Ілкәңді айтам, Ілкәң ше?,-дейді Қамбүбі аптығып, жүгіріп келгендегі дүрсілдеп кеткен жүрек тұсын ұстап қойып, екінші қолымен есік жақты нұсқап,
  • Ілкә, оған не болыпты, аман ба екен?
  • Ойбай, анау сенің Ілкәсымағың Бибіханның босағасына келін болыпты, әлгі бейшара баласына обал болды-ау.
  • Ой, апатай, бір сұмдық жағдай болып қалды екен десем, үһ, шіркін-ай, Аллаға шүкір,-деді манадан бері қобалжып кеткен Әділбек.
  • Шүкірің не сенің, әй Ілкәң сенің, ана Санжарға кетіпті.
  • Кетсе кетер, өмір тоқтамайды ғой, бақытты болсын деңіз
  • Тұқымың өскір, сол баяғы сөлпиген көйлегі, етек жеңін көрсетпей, басындағы әлгі сәлдесі ме сәукеле ме, хыжабы ма білмеймін, сол баяғы Ілкәң, жек көрем өзін!,-дейді Қамбүбі тыжырынып.

Бұлардың айтып отырған Ілкәсі- Ілтипат. Қамбүбімен танысқан кезде Ілтипат қыздар медресесінде оқитын. Көрікті шашын қанша шариғат шәлісімен жапса да, нұрланған бет жүзі оның сұлулығын айқын көрсетіп тұрушы еді. Аппақ жүзіне екі бетіне қып-қызыл қан тамғандай, ұялса, одан сайын айқындалып кетеді. Ерніне далап жағылмаса да, қызара тартып, дүрдиіп тұрады. Қап-қара қасына жұлғыш тимесе де, қарлығаштың қанатындай қып-қиғаш, екі ортасында қоп-қоңыр меңі бар. Қасындағы қыздар Ілтипатты Ілкә қыз – Үндістан қыз деп атайтын. Сондайда, «Көпқұдайшыл Үнділеріңді қойыңдаршы, жай ғана Ілтипат деңдер» деп ернін бұртитып, қалжыңдап реніш білдіретін. Әділбекпен танысып, некелі жар, аяулы ана атанғысы келгенді. Қамбүбі, баласының үйленгелі жүргенін білетін. Оған әрине қуанышты. Тек Әділбек Ілтипатпен таныстырғанда, оның ислам шариғатымен киінетінін, намаз оқитынына қарсы болды.

  • Менің келінім болғың келсе, ана басыңдағы орамалды шеш,-деді сол кезде Қамбүбі.
  • Алланың парызы ғой, қалай бас тартамын,-деді Ілтипат қамығып, көзін төмен сала.
  • Онда, кет, балама, маған бұндай келін керек емес
  • Апа, менің қалауым ғой,-деді Әділбек.Анасы оған көнбеді.
  • Менің разылығым керек пе, әлде сол қыз керек пе, таңдау еркіңде,-дегендей Қамбүбі де қасарысып отырып алған.Содан кейін міне екі жыл өтіпті. Әділбекке өзі таңдап алған, қаланың ашық жүзді қызын алып берген еді. Ілтипат сол кеткеннен мол кетті. Анасы мен баласының арасына түскісі келмеген қыз, қайырлысы болсын дегенді ғана айтқан-тын.

Міне бүгін көрші Бибіхан келін түсіріпті деген соң, тәтті-пұттысын шашу етіп алып келген Қамбүбі Ілтипатты көріп шошып кетті. Үйге келе салып Әділбекке осыны айтып тұр. ..

  • Әй, Бибіхан, мына келінді қайдан алып келгенсіңдер, сөлпиген көйлегімен, Санжарыңның көзі соқыр ма еді?,-деп тиісті бір күні Қамбүбі Бибіханға.
  • Тәйірі, осыларға түк сенбеймін,бәленің бәрі осылардан шығады-ау,-деді тағы сөзін жалғастырып.Ілтипат пен Бибіханда үн жоқ.Адуынды көрші жасы үлкенқонақ болғандықтан,сыйлау керек. Оның сөздеріне Ілтипат ләм-мим деп ауыз ашпады, жәй ғана мейірімді жүзімен жымиды да қойды. Ілтипат Санжарға тұрмысқа шыққалы бері, бұл үйге Қамбүбі келуін жиілетті. Қалт етсе, Ілтипаттан бір ілік тапқысы келетін де тұратын. Астың тұзы кем, шәйді қою етіп құй дегендей, мін іздеп, төрді билейтін. Кейде Бибіхан кейіп, сөз сөйлемек болғанда, Ілтипат:
  • Апа, сабыр етіңіз, Алла қаласа, ол кісі ең көркем мінезді болар, сәл шыдайық,- дейтін.
  • Мына келініңнің аяғы қисық па, кішкене көйлегін қысқартса қайтеді, тәйірі,-деп тағы тиісті бір күні Қамбүбі.
  • Әй, көрші, сабыр ет, өз келінім ғой, шариғаттан аспайық,-деді Бибіхан.
  • Бұлардың бәрі өтірік, ана інтернет,үтүб дейме, ютүуб дейме сол бәлесінен көрген едім, осындайлар ғой өз өздерін жарып, қырылып жатқан. Сұмдық, әлгінде осындай жамылғыштардың бірі шылымын сорып, шіреніп тұр екен. Соны інтернеттен көрдім ғой, тәйірі,-деп Қамбүбі әлі де Ілтипатты жақтырмаған күйі.

Сондайда Ілтипат қанша сыр білдірмеген болса да, жалғыз қалып оңашада көз жасына ерік береді. Құран оқып, Раббысына жалбарынады. Сондай да есіне «Уа, иман келтіргендер! Сабыр және намаз өтеу арқылы Менен жәрдем сұраңдар. Алла сабырлылармен бірге» («Бақара» сүресі, 153-аят).«Кімде-кім (өзіне жасалған зәбір-жапаға) сабыр сақтаса, кешірімшіл болса, бұл келелі іс («Шура» сүресі, 43-аят) деген Құран сүрелері түсіп, бойын ерекше бір сабырлық сезімі билейтін.

Қамбүбі мұнысымен қоймады. Неге екені кім біледі, осы Ілтипат десе кірпідей жиырылып қалатын. Мұнысы сонау кездегі баласы Әділбек осы Ілтипатты жар етем дегеннен басталған-тын. Сол кезде, Ілтипаттың орамалын тартқылап тұрып, сүйреген күйде үйінен шығарып жібергенін Ілтипат әлі ұмытқан жоқ. Жүрегі жараланып қалған. «Шариғатты неге түсінбейді, үлкен ана ғой» деп жылап, егілген еді. Ұмытты, сабыр етті. Кешірім етіп, Әділбекке анасының разылығын ал деп, бұйырды, өтінді. Сол кезде, Қамбүбінің қылығына іштей ренжіді, бірақ кешірді. Орамалынан тартып, есік аузына итеріп шығарғанда маңлайынан бір елі шаш көрініп қалған-тын. Сол үшін өз-өзін кешіре алмады. Ол кезде Әділбек те көзін артқа тайдырып, Ілтипат дереу шашын жапқанша, бұған мойын бұрмаған. Сол жағдай ұмытылып, медресені бітіріп, сабырлығының арқасында жеңіп келе жатқаны осы еді, адал жар болам деп шешкенде, Әділбектің анасымен тағы жолығам деп ойлады ма? Жоқ. Қамбүбіге іштей жаны да ашиды. Жастайынан жесір қалып, баласын тұмсықтыға шоқтырмай өсірген еді. Әр ана өз баласына тек жақсылық ойлайды. Бірақ санасы уланған ана өз баласына жақсылықты тек емін-еркін жүретін, қымсынбайтын қыздан іздеді. Бәлкім тағдыр болар дейді іштей. Қазір бүкіл ауыл Ілтипат десе, сонадайдан кері бұрылып кетіп қалады.Ілтипатты әртүрлі атаулармен атап, жанын ауыртады.

  • Раббым, сынағыңа шүкір, маған бұлсынағыңды көтеретін сабырлық берші,-деп жалынды бір намазының соңында. Бірақ Ілтипат бұдан да зор сынақ алаңына тап болатынын білген де жоқ. Ілтипаттың келін болып түскеніне жарты жыл толмай жатып, тағдыр бұған жесірлік кебін кидірді-ау.Жаратушы Алла сынақты тек көтере алушыларға ғана береді. Сол күні Қамбүбінің баласы Әділбек пен Санжар ауыл сыртына кеткен. Отағасын шығарып салып тұрғанда, үйге енді оның тек өлі денесі ғана келеді деп кім ойлаған. Санжар сол жерде қайтыс болып, Әділбек ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Сондағы қиналысын тек өзі мен Раббысы ғана білетін еді. Туылмай жатып, әкесіз қалған жатырындағы шарананы ойлап егілді, көзінен жас парлады. Сол кезде Қамбүбіде жылады.Бірақ бар кінәні Ілтипатқа жапты.
  • Сенсің, сенің кесірің, сен осы жаққа келгелі бері, бір жақсылық орын алмады,-деп Ілтипаттың орамалынан ұстап тағы жұлқыды. Бетінен шапалақпен бір тартты да, бар күшімен итеріп жібергені сол еді, Ілтипат бар денесімен кереуеттің жанына құлады. Ішіндегі баласына зақым келмесін деп қолын тіреп қалғанымен, беті төсек қырына оңбай тиіп, шашыраған қан бет-аузын жуып кетті.
  • Менің Әділбегім де ауыр халде, адам болып кетуі де неғайбыл, о Жасаған не жаздым мен, бұ бәтшағарды қайдан алып келдің,-деп кейіді, кімге айтса да лағынет жаудырды-ау. Қабағы жарылып, көзін аша алмай қалды. Өз жарынан айырылып, құсадан қайғы кешіп отырғанда жұдырық үстінен жұдырық болған бұл кінә Ілтипатты бүрістіріп жіберді. Ақталып аузын-да аша алмады, іштегі шарананы ойлап, үнсіз ғана егілді-ау. Ілтипаттың жан-жарасы, іщтей құлазып, күннен күнге солып бара жатқаны тек баласын жоғалтқан енесі Бибіхан ғана сезеді, біледі де егіледі. Жап-жас баласынан айырылып, енді міне келіні де томаға тұйықталып қалды. Не істтеу керек? Санжарын жер қойнына берген соң, Ілтипатты қалай жұбатады. Бір күнде ақ қара шашы ағарып кеткен Бүбіхан да құсалыққа төзе алмады.
  • Апа, Алла Тағала сондай мейірімді ғой, мына сөзін қараңызшы, Шарх сүресі, 5-6 аяты, «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайылық бар» деген екен. Өмірге кім келмейді, кім кетпейді. Алладан келдік, Аллаға қайтарыламыз. Мені кешіріңіз, Санжардың өліміне қатты қиналыппын. Сізге де қарай алмаппын, сабырлығымды жоғалттым ба, білмеймін.«Біз сөзсіз сендерді аздап қорқытып та, ашықтырып та, мал-жандарыңды, шаруаларыңды кемітіп те сынаймыз. Сабыр еткендерді қуантып (сүйіншілеп) қой» («Бақара» сүресі, 155-аят) дейді мейірімі шексіз Жаратушы хақ Тағалам. Сабыр етейік,-деп Ілтипат тілге тиек сөз алып, анасын құшақтағанда Бүбіхан егіліп тұрып жылады.

ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ САНЫНДА

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2018 жыл Мұндай малға ен салу харам
    03 желтоқсан 2018 жыл Шуба кию күнә ма?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика