Қарағанды 17:16 Екінті
  • 05:24 Таң
  • 06:48 Күн
  • 13:05 Бесін
  • 17:16 Екінті
  • 19:11 Шам
  • 20:36 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Кешігіп келген құлшылық. Екінші бөлім

  • Қызым-ау, сені маған келін еткен Аллаға шүкірлер болсын, Санжарым кетті, оған не шара, сен кетіп қалып, Санжарымның жалғыз тұяғын көрмей кетем бе деп едім, қайтейін, қызым, бір қуаныш болар-ау,-деп еңкілдеп келінін құшақтап жыласты. -Анашым, неге олай ойладыңыз, сізді тастап қалай кетемін. Отауым, түтінім осы маңда, менің анамның орнына анам болған кезіңізде, Санжардан айырылдым, енді сізден екі елі де ажырай лмаймын ғой,-деп Ілтипат та Бибіханға қапсарласа құшақ жайды. Бұлар ұзақ отырды. Сабырға келді. Расымен де бір жақсылықты күтті.

Сол оқиғаданкейін Қамбүбі бұл үйге келмейтін де болды. Баласы Әділбек аяғынан айырылып, мүгедектің кебін киіпті. Ол Қамбүбіге ауыр тиді. Жалғыз баласының кебін көріп, өз –өзінен егіліп, томаға тұйықталып, ел-ішімен араласуды да қойды. Ел сәл саябырсып, Ілтипаттың ай күні жеткенде тағы бір дау ауыл ауылды аралап, ұшқан құстай зу ете қалды. Дау Қамбүбінің отауынан шығыпты. Екі аяғынан айырылған Әділбекті келіншегі тастап, қалаға кетіп қалыпты деп есітті.

  • Ойбай, ау не жаздым, тұқымы өскір, баламның не жазығы бар еді, мүгедектің кебін кигенде, мына келіннің қылығын-ай,-деп Қамбүбі ойбайлап, ауылды бір шулатты.
  • Кетті ғой, кетті, әлгі немеремді де көрсетпей кетті, ау, мүгедек күйеу керек емес дейді, балам құсадан кететін болды ғой, ойпырмай-ай, -деп тағы жылады.Қамбүбі күннен күнге үйінің есік алдында отырып алып, осылай егіліп дауыс шығаратын болған. Оған үйде төсектен қозғала алмай жатып қалған Әділбек те іштей егілді.
  • Апа, Қамбүбі апайды үйге шақырсақ, жуындырып, ыстық шәйін берсек қайтеді, жаным қатты ауырады. Келіні кеткен соң, жәй-күйі болмай жүр-ау,-деп Ілтипат бір күні апасына сөз білдірді. Неше жылдардан бергі көршісі болған Қамбүбіні Бибіхан сыйлайтын. «Көрші ақысы –Тәңір хақысы» ғой, деп, келісті. Тәтті қантын, бір көйлек алып, бұлар Қамбүбіге қонақ болып кіріп келген еді. Төргі төсекте төсек тартып жатқан Әділбектің қасында отырған Қамбүбі күтпеген жерден келген қонаққа кейіп қалды. Қанша осы Ілтипатты жақтырмаса да, Бибіхан үшін бір шыны шәйін құйып берді. Сөзді Бибіхан бастады:
  • Асыл көршім, бұның жарамас, өзің білесің, мен де тұла бойы тұңғышымнан айырылдым, сабыр еттім, балаң аман есен қасыңда, шүкір ет. Көзіңнің айына айналып отыр, ал мен енді Санжарымды көре алмаймын, алда бір қуаныш болып қалар. Сабыр сақта,-деді.
  • Тәйірі, балам аман, бірақ жүре алмайды, оданда мен осылай жатсам еді, әлгі келін келмеске кетті ғой, талағын алып кетті. Әлгі жаман баланы да көрсетпейді ғой, қайтейін,-деп Қамбүбі көзінің жасын бір сығып алды. Көңілін алданып, бұлар бір күлді, бір жылады. Сәл үнсіздіктен кейін, Ілтипатқа жалт қараған Қамбүбі:
  • Сенің ай күнің қашан еді,-деп төтесінен сұрақ қойды. Ілтипат сасқалақтап қалды, іштей қуанып та отыр.
  • Келер айдың ортасына қарай деген, немереңіздің тыншымайтынына қарағанда, жарықдүниені ерте көргісі келіп жүр-ау,-деді Ілтипат.
  • Ее, шырағым, немерем дейсің бе, аман есен қол аяғыңды бауырыңа ала ғой,-деді Қамбүбі бұрынғы адуынды мінезінен тайып, бірқалыпты ізбен. Сол күннен кейін Қамбүбі де елмен араласып, Бибіхандарға жиі жол тартып отырды. Әділбек те құсадан жатып алмай, арбаға отырған күйде тіршілік қабына кірді.Ілтипат Қамбүбіні апа деп, оған мейірленіп, шомылдырды, ып-ыстық сорпасын беріп, әдемі көйлек тігіп берді. Аратұра, асыл Пайғамбарымыздың қызықты да мейірімді хикаяларын айтып беріп, Құраннан сүрелер келтіретін. Қамбүбі бұрынғыдай дін десе ашу шақыратын емес, қайта жасы келсе де, ақыретте Жәннатың бар екенін сезіп келеді. Сондай да тілге тиек етіп, Ілтипаттан намаз мәнісін, орамал сырын сұрап қалатын.
  • Апа, Исламда бес парыз бар. Ең алдымен Алланы бір деп иман етсеңіз, одан кейін ораза парыз, намазда адам береке тапса, садақамен көсегеміз көгереді, көсегеміз кеңіп жатса Алланың парыз еткен Пайғамбарымыздың сүйікті мекені Мекке барып қажылық етсе, өмірде одан асқан бақытты жан жоқ. Алла тағала Нұр сүресінде былай дейді «Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)». Сол себепті орамал әрбір балиғатқа толған қыз балаларға парыз екен. Міне орамал мәнісі осыда, апа,-деді Ілтипат мейірлене Қамбүбінің ақ басқан ақ самайындағы шашын тарап беріп. Қамбүбі терең тыныс алды да, жылап қоя берді:
  • Қалқам –ау мені кешіре қой, орамал мәнісін түсінбей, сенің басыңдағы орамалды жұлып алып, әуретіңді көрсетіп қойғаным үшін кешір, мен бейбақ ақымақ болған екенмін. Сенен көрі балама әлгі Жанарды құп көрдім,-деп еңкілдеп көз жасын қалтасындағы бет орамалымен сүртті.
  • Апа, менен несіне кешірім сұрайсыз, сіз де менің анамсыз ғой, сіз менен кешірім сұрайтындай ештеме де істеген жоқсыз. Мен сізді жақсы көрем, Алла разылығы үшін,-деді Ілтипат сол кезде, мейірленген жүзімен, содан кейін қатты ауырған ішін ұстап отырып қалды.
  • Апа, апа, толғағым қысып барады,-деді ауырсына. Ол кезде Бибіхан көрші ауылдағы сіңілісіне кеткен еді. Қамбүбі жалма-жан жедел жәрдем шақырып, Ілтипатпен ілесіп, ауруханаға аттанып кетті.Шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келген Ілтипат үйге оралғанда қуанышының үстіне бір қуаныш қосылғанын көрді. Қамбүбі мен енесі Бибіхан намазға жығылыпты. Шүкіршіліктерін айтып, қуанып жүр. Кіп-кішкентай Санжарды кезек-кезек қолдарына алып, мейірлене иіскейді.
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    20 қыркүйек 2018 жыл Көзбояушылық
    20 қыркүйек 2018 жыл Дұғам қабыл болсын десеңіз
    18 қыркүйек 2018 жыл Қорқынышты жеңу үшін...
    14 қыркүйек 2018 жыл Алла кешірмейтін күнә
    12 қыркүйек 2018 жыл Намаздың миға әсері қандай?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика