Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүние дерті
14 қараша, 2014 жыл 98 Басып шығару нұсқасы
kak-stat-bogatym

Бала кезімде тез есеюді қатты армандайтынмын.  Тездетіп мектепті  бітіруге асық болдым.  Сосын жоғарғы оқу орнына түсіп алып, енді университетті бітірсем,  жақсы бір  жұмысқа  орналассам деп қиялдадым. Дипломды  ала салып, жұмысқа орналасудың қамымен  жүрдім. Бір күндері алып мекеменің маманы болдым, дәрежем өсті. Күндіз-түні  жұмыс  деп, мекемеде қонып қалатын кездерде болды.  Биік мансапқа да қол жеткіздім. Уақыт өте келе қалталы азаматтардың тізімінде болдым.  Уақыты тығыз, әр бір минуты санаулы шенеунік мандатына да жеттім. Уақыт  шіркін,  зырылдап  өте шықты-ау.  Байқатпады,  ойлануға да мүмкіндік  бермеді. Бір күні тынымсыз күндерден құтылғым келіп, жұмысты тоқтатудың  амалын қарастырдым. Бұл жолы да тез арада ойлағаныма жеттім,  жұмыстан біржола кеттім.

Үйде жалғыз отырмын. Маған тағыда бірдеңе жетіспейтінін сездім.  Қалың ойдың шырмауында қалдым. Артта қалған  күндерден жақсы бір күнді есіме түспеді. Ал, керісінше ақша үшін адамдарды балағаттап, қатты керіскен кездерім көз алдыма тұрды.

«Өмірің осымен аяқталды», «О, дүниеге аттанасың», «Тозаққа, тоз-ақ-қ-а-а» деген дауыстар құлағыма естілгендей болды ма,  не өз  аузыма сондай сөздер түсті ма айыра алмай қалдым. Тұла бойымды үрей билеп,   қорқа бастадым. Бұл не сезім?  Тозаққа  дей ме?  Ол жаққа кімдер баратын еді? Бұл бала кездегі марқұм атама қоятын сауалым болатын. Менің атам  ерінбей баланың тілімен егжей-тегжей түсіндіруге тырысатын. Бірде өмірде бұзық болсаң, тозақтың отында шытырлап жанасың. Сол үшін  сабақты жақсы оқып, әдепті болып, күнде бір адамға  көмек қолын созған дұрысырақ дейтін.  Балалықпен бұл сөздерга аса мән бермедім. Ислам құндылықтары жайында әдемі, әсерлі әңгіме айтатын атам  сол балалық шағымда өмірден өтті.  Өмірден озғанынша  жайнамазды жайып, Жаратқаннан дұға тілеп, жалбарынып отыратын.   Ал, әкем  атам сияқты  өнегелі әңгімелер айтпады. . .

Осылай өңім бе, түсім бе деп отырғанымда денемнің  қатты тоңғанын сездім. Бойымды жинап, өзіме келдім.  Тағыда ойлана бастадым. Бұл жолы атам аузынан тастамай айтып жүретін хақ Тағала жайында ойладым. Ойлана бергеннен түк шықпайтынына көзім анық жетті. Жүрегім  бұрын атам жиі баратын мешіт есіме түсті, тез-тез жиналып Алланың үйіне келдім. Имам-молаларға жолықтым, жағдайымды айттым. Намаз жанның тыныштығы жайында уағыз айтып берді. Сәждеге бас қоюға кеңес берді. Кітапханасынан бірнеше кітаптарды алып, қолыма ұстатты.

Арадан екі ай зулап өте шықты.  Бұл кезде Алланы танып, намазға жығылып едім. Жаным, көңілім тыныш. Бір керемет сезімде жүрдім. Тағы да әдетіме салынып қалың ойға берілдім.  Соншама жылдар бойы мектеп, университет, мансап жолында жүргеніме өкіндім. Аузымнан Алланы тастамай, намазымды қаза қылмай оқуды оқып,  жұмысты істеп жүрсем болмас пе еді?!

Ие  Алла кешіре гөр... Өмірімнің көбін  пендешілікпен өткізіп алыппын...

М.Қуандыққызы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары