Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әбу Ханифаның жомарттығы
19 қараша, 2014 жыл 215 Басып шығару нұсқасы
 

 
1Бірде Әбу Ханифа өз шәкірттерінің бірінің жыртық киімін көріп, оған сабақтан кейін қалуын ымдап түсіндіреді. Барлық оқушылары кеткеннен кейін әлгі шәкіртіне кілемді көтертеді. Шәкірті кілем астында мың дирхем жатқанын көреді.  Сонда Әбу Ханифа: «Мына ақшаларды алып, өзіңе киім сатып ал» - депті. Ақшаны алмайтынын айтып, бас тартқан шәкіртіне имам: «Пайғамбарымыздың: «Алла Тағала құлының жақсы жүргенін қалайды, оның үстінен өзінің жақсылығын көргісі келеді»-деген хадисін естімедің бе? Басқалар аяушылықпен қарамас үшін, сен бүтін киінуің керек»-дейді.

Әбу Ханифаның ұлы «әл-Фатиха» сүресін жаттап алғанда имам  үлкен салтанатты жиын жасап, Хаммадтың ұстазына 500 дирхем береді. Ұстазы мұның қомақты қаражат екенін айтқанда, Әбу Ханифа: Менің ұлыма берген біліміңнің құнын төмендетпе, бұдан да көп ақшам болса, соның бәрін саған берер едім»-деген екен.

Имамның бір оқушысы Якуб бин Ибраһим: «Мен Әбу Ханифада оқып жүргенімде жағдайым болмады. Бірде жиналысқа менің әкем келді. Әкем сыртқа шыққан соң: «Ұлым, Әбу Ханифаға енді барма. Оның жағдайы бар, өз қамын жасай алады. Сенің жағдайың төмен, ссондықтан өз қамыңды ойлауың керек. Қазір ғылыммыен айналысуға сол себепті де мұршаң жоқ»-деді. Осыдан кейін көп уақыт өтті. Мен Әбу Ханифаның дәрістеріне баруды қойдым. Көптен келмей жүргенімді байқап Әбу Ханифа менің қайда екенімді сұрастырыпты. Біраз уақыттан кейін мен имамның жиынына келдім. Ол сол кезде: «фикх оқудан бас тартуға не жағдай мәжбүр етті»-деп сұрады. Мен сонда: «Әкеме бойұсынуым керектігін, өз-өзімді асырау үшін сабаққа келуді доғардым»-дедім. Бәрі тарап кеткеннен кейін имам маған бір түйіншек берді, онда 100 дирхем бар екен. «Енді сабақты босатпа. Мына ақша таусылғанда маған айт»-деді имам сонда.

«Содан кейін мен Әбу Ханифаның бірде бір сабағын босатқан жоқпын. Көп уақыт өтпей имам маған тағы 100 дирхем берді. Мен имамға бірде бір рет мұң шағып, ақшам таусылды деп айтқан емеспін. Бірақ ол үнемі бәрін білетін, үнемі маған 100 дирхемнен беріп тұратын. Осылай ол мені оқытты» - дейді.

Осыдан кейін Әбу Ханифаның бұл істерін жомарттық демей не дейсіз?

Қарағанды облыстық орталық мешіттің аудармашысы Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары