Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өмірі өнеге - Умар ибн Абдул Азиз
25 қараша, 2014 жыл 104 Басып шығару нұсқасы
images (1)

  Умар ибн Абдул Азиз қатардағы көп адамның бірі емес, зиялы топтың да мүшесі болмаған. Ол Омеяд әулетінің халифы, өз кезеңінде Атлантика жағалауы мен Орта Азиядағы Памир тауларына дейінгі мұсылман әлемінің билеушісі болған. Ол өзінің алдындағы халиф Абдул Малик ибн Марвананың жиені болатын. Жұбайы Фатима халиф Абдул Малик ибн Марвананың қызы, кейінгі билеушілер Валида мен Сүлейменнің әпкесі.


Бірде халиф Умар ибн Абдул Азиз өзінің қыздарымен әңгімелескенде қыздарының әр сөйлеген сайын қолдарымен ауыздарын көлегейлей бергенін байқап қалады.  Оның себебін сұрағанда қыздары шикі пияздан басқа тамақ болмағандықтан соны талғажау етуге мәжбүр болғандарын, пияздың ащы иісі шықпас үшін ауыздарын жаба беретіндерін айтады. Ол қыздарынан осындай жауап есітегенде жылап тұрып: «Сендер қайсысын қалайсыңдар?  Дәмді тамақ ішіп-жеп, жақсы өмір сүргілерің келе ме әлде менің сол үшін ардан аттап тозаққа түскенімді қалайсыңдар ма?» дегенде әкелерінің бұл сөзін естіп қыздары қоса жылаған екен.


Умар ибн Абдул Азиз хижра бойынша 99-101 жылдары билік құрған. Бұл кезең халифаттың гүлденген кезі саналады. Халық бейбіт, бақуатты тірлік кешкен. Бірақ халифтің өз отбасы асып-тасқан тоқтықта өмір сүрген жоқ. Халифтің өзінде қажылық жасауға қаражат болмаған.


Тарихшылар оны «Умар Сани» - «Умар екінші» деп атайды. Бұл атты оған әділ халиф Умардың аттасы болғандықтан ғана телімеген. Оның себебін білу үшін «Исламның алтын ғасырына», халиф Умар ибн әл-Хаттабтың билік құрған кезеңіне шегініс жасауға тура келеді.


Халифатты билеп тұрған кезінде ол түнде қала көшелерін аралап, қоластындағылардың тірлігімен танысатын. Осындай бір түнде халиф бір қыздың анасымен арадағы әңгімесін естіп қалады. Анасы қызын сүтке су қосуға үгіттеп жатады. Қызы халифтың мұндай іске тыйым салғанын айтып бас тартады. Анасы сонда: «Халиф ұйықтап жатыр, мұны көрмейді» - дейді. Сонда қызы: «Халиф ұйықтап жатса, Алла тағала көріп тұр» - дейді. Умар қыздың жауабына дән риза болып, келесі күні ол қыздан сүт сатып алуға адам жібереді. Қыз сөзінде тұрып, сүтке су қоспаған екен. Сонда Умар қызды өзіне шақырып алып өзінің ұлы Асимаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Осы некеден Лейла есімді қыз бала дүниеге келеді. Лейла халиф Умар ибн Абдул Азиздің анасы.


Ол билікке келер қарсаңда  басқа Омейядтар халифатты отбасылық кәсіп көзі етіп, мемлекеттің қазынасы есебінен молшылық ғұмыр кешкен. Алайда Умар ибн Абдул Азизді халиф етіп тағайындағанда ол бұл байлық пен қолдағы мүмкіндіктің бәрінен бас тартып, қарапайым тірлікке көшеді. Ол билеушіні қорғайтын 600 күзетшіні, құлдарды босатып, зәулім сарайдан екі бөлмелі қарапайым үйге ауысады. Омеядтар тәркілеп алған мал-мүлікті заңды иелеріне қайтарады. Оның жұбайы Фатима әкесі сыйға тартқан қымбат әшекейлер тағатын. Умар жұбайына бұл қымбат әшекейлерді ислам қазынасына қайтаруды бұйырады. Халифтың қызы, қос билеушінің әпкесі Фатима жұбайының айтқанын екі етпей әшекейлерді қазынаға қайтарады.


Тарихшылар оны әділ бес халифтің бірі ретінде бағалайды. Ұлы ғұлама Суфьян ас-Саури ең үздік бес билеуші ретінде Әбу Бәкір, Умар, Усман, Әли және Умар ибн Абдул Азизді атаған.


Умар ибн Абдул Азиз қызметшісінің қолынан қаза табады. Умарды улаған қызметшіні Омеядтардың бірі сатып әкелген деседі. Өмірінің соңында  Умар үйінің жал пұлы және өзін жерлейтін жердің құнын төлеуге бар-жоғы 17 динар қалдырған екен.


Ол бар болғаны екі жарым жылға жуық билік жүргізген. Бірақ оның билік жүргізген кезеңі адамдарға жайлы тиіп, жақсылық әкелген. Оның бір дәлелі  ретінде үндістанның белгілі адамдарының Исламды өз еріктерімен қабылдағанын атауға болады.


Умар ибн Абдул Азиздің өмірінен  сабақ болар сәттер


Хорасан билеушісі Джарра ибн Абдуллах халифке Хорасан халқының бүлікшіл екенін, оларды қылыш пен қаһардан басқа ештеңе ұстап тұра алмайтынын айтып хат жазады. Сонда Умар халықты қылыш пен қаһар арқылы емес, шындық пен әділдікті ту ету арқылы ұстауға болатынын айтады. Өз билігіңізде шындық пен әділдікті кең насихаттаңыз, сол жолды ұстаныңыз дейді.


*****


Бірде Умарға тігінші құны 8 дирхам тұратын сырт киім әкеледі. Сонда Умар киімнің жақсы екенін, бірақ өзі үшін тым көрнекі қымбат болатынын айтып, одан бас тартады.


*****


Мухаммад ибн Мубад бірде Византия императорының сарайында болады. Ол оның көңілсіз күйде отырғанын көреді. Бұл отырысының себебін сұрағанда император: «халиф Умар ибн Абдул Азиздің көз жұмғаны туралы хабар алдым. Егер маған өмірін Алла жолына арнаған тақуа туралы айтса мен таң қалмас едім, бірақ Умар сияқты қолында дүниенің кілті  тұрса да бұл дүниенің қызығынан бас тартып, Алла жолын берік ұстанып, қарапайымдылықтан танбаған адамның өміріне таңқалмасқа амалым жоқ» деп жауап берген екен.


*****


Бірде әлдебір әйел халифтің үйіне көмек сұрағалы келеді. Әйел үйдің қасында нашар киінген ер адамды көреді. Әйел ол адамды халифтің қызметшісі екен деп ойлайды да Умардың әйеліне: «Құдайдан қорықпайсың ба? Бұл адамның алдында киініп жүрмейсің бе?»-дейді. Сонда әйел әлгі адамның қызметші емес, халифтің өзі болып шыққанда қатты таңқалған екен.


*****


Өзі билік жүргізген кезде ол қоластындағылардан да аз жалақы алған.


*****


Умар бин Абдул Азиз балаларын жақсы көргенімен оларға асып-тасқан тоқшылықта өмір сүруге рұқсат етпеген.


*****


Ол мемлекет қазынасынан алынған маймен жанып тұрған шамның жарығымен де өзінің жеке жұмыстарын істемеген.


*****


Умар қайтыс болғаннан кейін оның әйелі Фатиманың халиф болған  ағасы Язид қымбат әшекейлерін қайтып алуды ұсынады. Сонда Фатима: «Күйеуімнің көзі тірісінде бас тартқан дүниелерді ол кеткеннен кейін неге қайтарып алуым керек»-деп жауап қатқан екен.


*****


Умар ибн әл Хаттаб (да будет доволен им Аллах) әлемде әділдікпен билік жүргізетін бетінде тыртығы бар өз ұрпақтарының бірін түсінде көреді.


Хижраның 99 жылы оның шөбересі Умар бин Абдул Азиз халиф атанады. Ол бала күнінде құлап бетінде тыртық қалған екен. Бұл әңгіменің жай-жапсары бір Аллаға аян, бірақ Умардың әділ билеуші болғанына ешкімнің таласы жоқ.


*****


Бірқатар тарихшылар Умар ибн Абдул Азиз Әбу Бәкір ас-Сиддиктің шыншылдығын, Умар ибн әл-Хаттабтың әділдігін, Усман ибн Аффанның қарапайымдылығын, Әли ибн Әбу Тәлибтің ұстамдылығы мен арлылығын бір бойына жиған деседі.


Бұл арада ең алдымен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхамеддің мінсіз мінезі барлық сахабаларға үлгі айта кеткеніміз жөн.


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары